Даму стратегиясы
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Директорлар кеңесінің 30.09.2020 жылғы шешімімен (отырыстың №10 хаттамасы) жаңа редакцияда бекітілді.
Банктің Даму стратегиясын өзектендіру қажеттілігі төмендегі себептерге байланысты:
Құрылымы мен баяндау форматы бойынша Даму стратегиясы даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік және халықаралық әдіснамалық ұсынымдарға, сондай-ақ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының даму стратегияларын әзірлеу, келісу, бекіту, мониторингілеу және өзектендіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес келеді.
Миссиясы
Банктің миссиясы Банктің мақсатын, оның жайғасымын көрсетеді және қоғам үшін де, жалпы мемлекет үшін де Банк қызметінің стратегиялық мәнін анықтайды. Банктің миссиясы:
«Қазақстандық отбасыларды өз баспаналарымен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімін нығайту» болып табылады.
Көрінісі
Банктің осы көрінісі бизнестің даму бағытын және ұзақ мерзімді болашақта күтілетін жағдайды білдіреді:
"Біз 2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің қағидаттарын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысатын, халықтың кең ауқымын баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін банкпіз".
Стратегиялық мақсаттары
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!