Барлығы займдар туралы: шарттар, пайыздар І Отбасы банкі
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Барлығы несие туралы

Барлығы займдар туралы

Отбасы банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өз клиенттеріне несиенің үш түрін ұсынады:

Осы несие түрлерінің негізгі артықшылықтары мен әрқайсысының айырмашылығын қарастырамыз.

Тұрғын үй заемы

Тұрғын үй заемы Қазақстан бойынша тұрғын үйді ең тиімді пайыздық мөлшерлемемен несиеге сатып алуға мүмкіндік береді – жылдық 3.5%-дан бастап (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ке дейін).

Заемның мақсаты
Төмен пайыздық мөлшерлемелер – жылдық 3.5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) 5%-ға (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) дейін.
Заемның ең жоғарғы сомасы – 100 млн.теңге (жеке тұлғаның кепілдігімен – 3 млн.тг.).
Несие беру мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін (жеке тұлғаның кепілдігімен - 6 жылға дейін).
Тұрғын үй заемын алу үшін
  • 1. Отбасы банкінде депозит ашу;
  • 2. 3 жылдан аса мерзімде шарттық соманың 50%-ын жинақтау;
  • 3. Кемінде 16 бағалау көрсеткішінің мәніне жету;
  • 4. Кепіл ұсыну;
  • 5. Төлемқабілеттілігін растау.
Тұрғын үй құрылысының қандай бағдарламалары бойынша тұрғын үй заемы беріледі?

Тұрғын үй заемы клиент жылжымайтын мүлік нарығынан өзі таңдап алатын тұрғын үйді сатып алуға және жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары бойынша беріледі және Банктің өз бағдарламасы бойынша:

Аралық заем

Тұрғын үй сатып алуға шұғыл түрде ақша қажет пе және қолыңызда үй құнының 50%-ы бар ма?
Сіз аралық заемын аласыз бағалау көрсеткішіңіз 5 жеткенде. Ол үшін:

  • Отбасы банкінен депозит ашыңыз
  • Депозитке тұрғын үй құнының 50%-ын салыңыз (бөліп немесе біруақытта).
    Төлемқабілеттілікті растау
  • Кепілдікті ұсыну
  • Пайыздық мөлшерлемесі - жылдық 6%-дан (ЖТСМ 6,2% бастап 6,3% дейін) бастап жылдық 8,5 % (ЖТСМ 9% бастап 9,6% дейін)
  • Заем мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін
  • Негізгі қарыз бойынша төлем мерзімін ұзарту
  • Заем сомасы - 100 млн. теңгеге дейін
Заемды өтеу тәртібі
  • 1. Банк аралық заемды тұрғын үйдің 100% құнына береді;
  • 2. Осы соманың 50%-ы депозитіңізде үш жыл бойы сақталады, сонымен қатар, оған 2% сыйақы мөлшерлемесі және мемлекет сыйлықақысы есептеледі;
  • 3. Бастапқы үш жылда Банк Сізге негізгі қарыз бойынша мерзімді ұзартуды ұсынады, Сіз несие бойынша пайыздарды ғана төлейсіз;
  • 4. Үш жылдан кейін депозиттің барлық жинақталған сомасы негізгі қарызды өтеуге кетеді, несие бойынша сыйақы 5%-ға дейін төмендейді және несиенің қалған бөлігі тұрғын үй заемының талаптары бойынша төленеді.
Аралық заем бойынша қандай бағдарламалар ұсынылады?

Аралық заем жылжымайтын мүлік нарығынан, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және нарықтық бағдарламалары бойынша клиент өзі таңдайтын тұрғын үйді сатып алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін беріледі және Банктің өз бағдарламасы бойынша:

Алдын ала заем

Алдын ала заем - бұл депозитте тұрғын үй сатып алу үшін қажет соманың 20%-ы болған жағдайда 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2% бастап 5,8% дейін) берілетін жеңілдігі бар несие.

Отбасы банкі алдын ала заемды тек мемлекеттік бағдарламалар мен «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында береді.

Бастапқы жарна - 20%-дан 50%-ға дейін
(«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 10%, «Бакытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10%, "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы" бойынша 10%);
Пайыздық мөлшерлемесі - жылдық 5%-дан (ЖТСМ 5,2% бастап 5,8% дейін) 8%-ға дейін (ЖТСМ 8,2%-дан 9,4%-ға дейін) («Бакытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2% (ЖТСМ 2% -дан 2,1%-ға дейін), Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы" бағдарламасы бойынша 2% (ЖТСМ 2%-дан 2,1%-ға дейін)
Тұрғын үй заемына өткенге дейін негізгі қарыз бойынша төлем мерзімін ұзарту.
Несиелендіру мерзімі - 6 айдан 8 жылға дейін;
Заем сомасы - 50 млн. теңгеге дейін
("Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 15 млн. теңгеге дейін)
Алдын ала заемды алу үшін не істеу қажет?
  • 1. Отбасы банкінде депозит ашу;
  • 2. Тұрғын үй нысанын таңдау – Сіз таңдаған бағдарлама бойынша салынатын тұрғын үй кешені немесе жер үй;
  • 3. Пулға қатысуға өтінім беру ( бұл осы нысаннан тұрғын үй сатып алғысы келетіндер тізімі);
  • 4. Тұрғын үй құнының кем дегенде 20%-ын депозитте жинақтау немесе салу;
  • 5. Төлемқабілеттілігін растау;
  • 6. Алдын ала заемды алу;
Заемды өтеу тәртібі
  • 1. Сіз Отбасы банкінде депозит ашасыз;
  • 2. Сіздің депозиттегі шот сомасы алдын ала заем алу үшін шарттық соманың қажетті үлесіне жетеді (таңдалған тұрғын үй бағдарламасына байланысты 20%-дан 50%-ға дейін);
  • 3. Банк Сізге тұрғын үйдің 100%-ын құрайтын алдын ала заемды береді және Сіздің депозитіңіздің жинақтау мерзімін ұзартуды ұсынады. Сіз тек депозитіңізді толықтырып, несие бойынша банк пайыздарын төлеп отырсаңыз болғаны;
  • 4. Негізгі қарыз бойынша мерзімді ұзартқан уақытта сіздің депозитіңізге 2% сыйақы мөлшерлемесі мен премия государства есептеледі;
  • 5. Депозитте шарттық соманың 50%-ы жинақталған кезде, Сіз тұрғын үй заемына өтесіз және қалған қарызды сіз тұрғын үй заемының талаптары бойынша өтейсіз.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру