"Отбасы банк" АҚ-ның Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасау кезіндегі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ескертпе
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Памятка по информационной безопасности

"Отбасы банк" АҚ-ның Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасау кезіндегі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ескертпе

Құрметті "Отбасы банк" АҚ клиенттері!

  • Өз құпиясөздеріңізді немесе өзге де қолжетімділік атрибуттарын Банк қызметкерлеріне және үшінші тұлғаларға бермеуіңізді (логиндер, кілттер, токендер, смарт-карталар және т.б.);
  • үшінші тұлғалардың Интернет-банкинг жүйесіне рұқсатсыз кіруіне жол бермеу мақсатында, белгіленген мерзімде немесе қажеттілігіне қарай құпиясөзіңізді ауыстыруыңызды;
  • Интернет банкинг жүйесіне алғаш кірген кезде немесе жүйе әкімшісі құпиясөзді алып тастағаннан кейін міндетті түрде құпиясөзіңізді ауыстыруыңызды;
  • Интернет-банкинг жүйесіне кіретін құпиясөзіңізді, соның ішінде, тікелей веб шолғышта немесе автоматтандырылған кіру жүйесінде ашық сақтамауыңызды;
  • Ашық каналдар бойынша құпиясөзіңізді жарияламауыңызды (ауызша, жазбаша немесе электронды байланыстары бойынша және т.б.)
  • Бір компьютерді қолдануыңызды, бөтен адамдар қолданатын таныс емес компьютерден құпиясөзді ауыстыруға және төлем жүргізуге жол бермеуіңізді, бөтен компьютермен жұмыс жасау кезінде, еш уақытта өз деректеріңізді сақтамауыңызды (электронды сандық қолтаңба кілті, есептік жазбалар, құпиясөз және т.б.);
  • Шоттарыңызбен жасалатын барлық операциялар туралы СМС-хабарлама қосуыңызды;
  • Интернет-банкинг жүйесіне (жеке кабинетке) рұқсатсыз  кіру немесе рұқсатсыз операция анықталған (күдікті) жағдайда, ұялы байланыс операторы арқылы телефон нөмірін бұғаттауыңызды және электронды пошта (incident@hcsbk.kz) мекенжайы бойынша ақпараттық қауіпсіздік инцидентін тіркеу жолымен Банкке хабарлауыңызды; 
  • Байланыс құралдарын, Банктен немесе басқа ресми ақпараттық дереккөздерінен алынған құжаттарда көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, Банкпен ақпараттық өзара әрекеттесуді жүзеге асыруыңызды (әсіресе, электронды поштаны пайдалану кезінде);
  • SIM-картаңызды жоғалтып алған, ұрлатқан және басқа жағдайларда, сондай-ақ, қандай да бір себептерге байланысты SIM-картаңызды ауыстырған немесе үшінші тұлғаларға берген жағдайда, нөмір телефоныңызды ауыстыру мақсатында, Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген түрдегі клиенттің деректерін өзгертуге арналған өтінішпен дереу Банкке хабарласыңыз;
  • Интернет желісінде жұмыс жасау кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи құралдарын (вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету, арнайы желіаралық экрандар және т.б.) пайдалануыңызды сұраймыз. Лицензиясы бар бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланыңыз, сондай-ақ, өзіңіздің компьютеріңізді/мобильді құрылғыңызды вирустан қорғайтын құралдарды уақтылы жаңартып отырыңыз. Вирусқа қарсы базаны тұрақты жаңартып отыру және вирустан қорғау құралдарын өзекті күйде ұстау Сіздің компьютеріңізді зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғап отырады;
  • Құпиясөз талап етпейтін сенімсіз Wi-Fi-ға қосылмаңыз. Кафелердегі немесе көшелердегі ашық Wi-Fi желісі арқылы Интернет-банкингке кірмеңіз, мобильді интернетті пайдаланыңыз. Егер қолданбайтын болсаңыз, Wi-Fi-ды өшіріп жүріңіз.
  • Сессияларды дұрыс жабу үшін «Шығу» батырмасы арқылы Интернет-банкинг жүйесінен шыға аласыз. Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасауды осы батырманы пайдалана отырып тоқтатуыңызды ұсынамыз;
  • Банк қызметтерін қашықтықтан алу кезінде тәуекелдерді болдырмауға арналған шараларды қабылдауда Банкпен бірлесіп жұмыс істеңіз, соның ішінде, Интернет-банкинг жүйесінде жасалатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты банк ұсынымдарын орындауыңызды сұраймыз.

Көп жағдайларда логин мен құпиясөзді ұрлау төменде көрсетілген тұлғалармен жүзеге асырылатындығын есіңізде ұстай және ескере жүріңіз:

  • Банктің қызмет көрсетуін қашықтықтан алу жүйесінде жұмыс жасалған компьютерге кіруге рұқсаты бар тұлғалар;
  • Клиенттердің компьютерлерін Интернет желісі арқылы зиян келтіретін бағдарламалармен зақымдайтын қастық ойлаушылар. Олар кейін клиенттердің есепке алу деректері мен құпиясөздерін ұрлай алады. Интернет желісінде жасалатын жұмыстардың қауіпсіздігіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етулерді орнатуға, жұмыс жасап тұрғандығын тұрақты түрде тексеріп отыруға, соның ішінде, операциялық жүйелерді, вирусқа қарсы базаларды және ақпараттық қауіпсіздік қызметін іске асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету модулін уақтылы жаңартып отыруға кеңес береміз

Есіңізде сақтаңыз: Банк Сізге ешқашан сілтемеге өту, өз құпиясөзіңізді ауыстыру, телефон нөміріңізді және растау құпия кодыңызды енгізу немесе басқа да жеке деректеріңізді хабарлау туралы өтініш хаттарын жібермейді.

Банк өз тарапынан клиенттердің Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің парапар шараларын қабылдау қажеттілігін толығымен түсінеді және Сіздің қауіпсіздігіңіз, сенімді болуыңыз және тыныштығыңыз үшін қолынан келгенін жасап жатыр.


Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру