Есеп туралы
«Отбасы банкі» АҚ (бұдан әрі – Отбасы банк, Банк) өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің маңыздылығын түсіне отырып, ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Банктің 2024 жылғы тұрақты дамуы туралы есебі (бұдан әрі – Есеп) Банктің тұрақты даму, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау, қызметкерлерді қолдау және дамыту, адам құқықтарын сақтау, қоршаған ортаға әсерді азайту және ел экономикасының дамуына салымды қамтамасыз ету саласындағы қызметі туралы ақпаратты ұсынады. Есеп Банктің БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына (бұдан әрі – БҰҰ ТДМ) сәйкес және Банк өзара іс-қимыл жасайтын барлық мүдделі тараптардың: клиенттердің, серіктестердің, инвесторлардың, мемлекеттік органдардың, жеткізушілердің, қызметкерлер мен қоғамның мүдделеріне сәйкес бизнесті жауапты жүргізуге деген көзқарасын көрсетеді.
Есеп тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (GRI Standards) стандарттарына, тұрақты даму саласындағы есепке алу стандарттары жөніндегі кеңес (Sustainability Accounting Standards Board) (бұдан әрі – «SASB») жариялаған қаржы секторына арналған стандарттарға (Commercial Banks, Consumer Finance, Mortgage Finance) сәйкес, сондай-ақ IFRS S2 (бұрын – TCFD) стандартын қолдану, Банктің корпоративтік басқару кодексінің, тұрақты даму саясатының және өзге де ішкі құжаттарының ережелерін, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (Environmental, Social and Corporate Governance, ESG) саласындағы ақпаратты ашу жөніндегі басшылық шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) Банктер мен басқа қаржы ұйымдары мен үздік әлемдік тәжірибе үшін ұсынымдарын ескере отырып дайындалды.
Осы есеп Банктің бесінші қаржылық емес есебі болып табылады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі Банк қызметінің нәтижелерін көрсетеді. Банктің қаржылық есептілігі мен тұрақты даму туралы есептің есепті кезеңдері бірдей. Есеп Банктің Стратегия және корпоративтік даму комитетінде, Банк басқармасында, Банктің Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитетінде талқыланады, содан кейін Банктің Директорлар кеңесінің отырысында бекітілді.
Банк өз қызметі туралы қаржылық емес есептілікті әр топтың мүдделеріне сәйкес келетін маңызды ақпаратты теңгерімді түрде ұсынуға ұмтылып, оны мүдделі тараптардың кең ауқымына бағыттай отырып жариялайды. Банк ақпаратты ашу сапасын үнемі жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл есеп сыртқы куәландырудан өткен жоқ.
Есептің мазмұнын анықтау
Маңызды тақырыптарды анықтау және бағалау процесі GRI стандартына сәйкес жүргізілді. Осы есепке енгізілуі тиіс ақпараттың тізбесін анықтау үшін банк GRI, SASB, IFRS S2, ҚР ҚНРДА стандарттарымен ұсынылған Тұрақты дамудың барлық тақырыптарын, сондай-ақ үздік тәжірибені талдады. Тақырыптар Банктің даму стратегиясын ескере отырып, оның маңыздылық дәрежесі және жыл бойы олармен өзара әрекеттесу барысында анықталған мүдделі тараптар үшін маңыздылық дәрежесі бойынша бағаланды. Сонымен қатар, тақырыптар Банктің экономикаға, қоршаған ортаға және адамдарға әсерінің, сондай-ақ адам құқығына әсерінің, және де қосарланған маңыздылық (double materiality) принциптеріне сәйкес Банктің өзіне сыртқы факторлардың әсерін қоса алғандағы көзқараспен бағаланды.
Талдау нәтижелері бойынша сауалнама дайындалды, оның көмегімен Банктің мүдделі тараптары арасында сауалнама жүргізілді (Директорлар кеңесінің, Басқарманың мүшелері, Банк қызметкерлері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқа да еншілес ұйымдарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сыртқы аудиторлар және т.б.). Сауалнама 32 қатысушыға ұсынылды, олардың әрқайсысына жыл сайынғы есеп пен 2024 жылғы тұрақтылық туралы есеп үшін әртүрлі тақырыптардың маңыздылығын бағалау ұсынылды, бағалау үшін бес балдық шкаланы қолдана отырып, жоғары баға маңызды тақырыпты көрсетті. Әр тақырыптың маңыздылығы ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін маңыздылығы бойынша бағаланды.
Маңыздылықты бағалау нәтижелері матрица түрінде ұсынылған. Төмендегі кестеде сұр түспен көрсетілген тақырыптар Банк пен мүдделі тараптар үшін ең маңызды болып табылады. Сауалнама нәтижелері бойынша ең маңызды 15 тақырып анықталды, олар 4 балдан жоғары жинады. Осы матрицаның жоғарғы оң жақ бұрышына түскен тақырыптар ең маңызды деп танылды және осы есепте ашылды. Есепте маңызды тақырыптар толық ашылған.
Маңыздылық матрицасы
Есептің шегаралары
Осы есепте Банктің тұрақты даму саласындағы қызметі туралы ақпарат, атап айтқанда Банктің Орталық аппараты және оның филиалдары қамтылады. Банктің операциялық нәтижелерін қоса алғанда, Банк туралы толығырақ ақпарат Банктің 2024 жылғы жылдық есебінде ашылған. Банктің 2024 жылғы жылдық есебі Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Банк туралы»/ «Есептілік» бөлімінде жарияланды. Маңызды тақырыптар бойынша ақпарат жинау шегаралары есеп Банктің барлық маңызды әсерлерін сипаттайтындай етіп анықталған.
Тұрақты даму саласындағы қызметтің көрсеткіштері
|
Көрсеткіш |
2022 |
2023 |
2024 |
|---|---|---|---|
|
Банк персоналының орташа тізімдік саны, адам |
1 372 |
1 511 |
1 661 |
|
Бір адамға шаққандағы оқу сағаттарының орташа жылдық саны, |
24 |
14 |
13 |
|
Банк қызметкерлерінің қатысу деңгейі,% |
79 |
79 |
78 |
|
Кез келген белгілер бойынша кемсітушілік жағдайлары, саны |
0 |
0 |
0 |
|
Жарақаттану жағдайлары, саны |
0 |
0 |
0 |
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері, саны |
0 |
0 |
0 |
|
Банк қызметіне сенім индексі, % |
88 |
86 |
85 |
|
|
Тақырыптар (сұр түспен талдау нәтижелері бойынша маңыздырақ деп танылған) |
Орташа балл |
|---|---|---|
|
1 |
Экономикалық тиімділік |
4,4 |
|
2 |
Сатып алу тәжірибесі |
3,3 |
|
3 |
Іскерлік әдеп және мінез-құлық |
3,6 |
|
4 |
Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық |
3,6 |
|
5 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл |
4,1 |
|
6 |
Комплаенс-бақылау |
3,8 |
|
7 |
Киберқауіпсіздік және антифрод |
4,3 |
|
8 |
Басқару және бақылау жүйесі |
4,1 |
|
9 |
Қаржылық көлжетімділік |
4,2 |
|
10 |
Клиенттің жеке өміріне қол сұқпаушылық |
3,9 |
|
11 |
Кредиттік портфель тәуекелдерін басқару |
3,9 |
|
12 |
Капиталды және өтімділікті басқару |
3,9 |
|
13 |
Тұрақты дамуға байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару |
3,8 |
|
14 |
Кредиттік және инвестициялық қызметтегі ESG факторларын басқару |
3,8 |
|
15 |
Клиенттерді тарту және өзара әрекеттесу |
4,0 |
|
16 |
Жауапты кредиттеу және қаржылық өнімдер |
4,3 |
|
17 |
ESG өнімдері мен қызметтері |
4,0 |
|
18 |
Электр энергиясы |
4,0 |
|
19 |
Жылу энергиясы |
3,9 |
|
20 |
Су және ағынды сулар |
3,8 |
|
21 |
Биоалуантүрлілік |
3,2 |
|
22 |
Қалдықтарды басқару |
3,8 |
|
23 |
Қоршаған орта |
4,0 |
|
24 |
Парниктік газдар шығарындылары |
3,7 |
|
25 |
Климаттың өзгеруі |
3,5 |
|
26 |
Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару |
3,8 |
|
27 |
Жұмыспен қамту |
4,0 |
|
28 |
Қызметкерлер мен басшылықтың қарым-қатынасы |
3,9 |
|
29 |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы |
4,1 |
|
30 |
Оқыту және білім беру |
4,0 |
|
31 |
Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер |
4,0 |
|
32 |
Кемсітушілікке жол бермеу |
3,9 |
|
33 |
Балалар еңбегі |
3,1 |
|
34 |
Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек |
3,0 |
|
35 |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесі |
3,7 |
|
36 |
Жергілікті және кіші халықтардың құқықтары |
3,1 |
|
37 |
Жергілікті қауымдастықтар |
2,8 |
|
38 |
Адам құқықтарын сақтау |
4,0 |
|
39 |
Әртүрлілік және инклюзия |
3,6 |
|
40 |
Қайырымдылық және еріктілік |
3,6 |