ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Суды тұтыну

Банк өз қызметінде су тұтыну көлемін азайтуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және табиғи су объектілеріне әсерін азайтуға тырысады. Банк елдің су ресурстарына ұқыпты және ұтымды қараудың маңыздылығын сөзсіз қабылдайды.

Банктің су тұтынуы келесі кестеде келтірілген:

Суды тұтыну

2021

2022

2023

2024

Алынатын судың жалпы көлемі, м3

20 915,97

20 203,21

17 872,32

29 985,74

Тасталатын судың жалпы көлемі, м3

20 915,97

20 203,21

17 872,32

29 985,74

Қайта пайдаланылатын судың жалпы көлемі, м3

Банктің Орталық аппарат ғимаратындағы суды тұтыну келесі кестеде келтірілген:

Тұтыну түрі

2021

2022

2023

2024

Суды тұтыну, м3

7 735,96

6 441,88

3 887,60

6 752,33

Кәріз, м3

7 735,96

6 441,88

3 887,60

6 752,33

Банктің Орталық аппаратының ғимараты су көзі ретінде басқа ұйымның жер үсті, жер асты, жаңбыр және ағынды суларын тұтынбайды немесе пайдаланбайды. Сумен жабдықтау және су бұруды «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның орталық желілері шарт негізінде жүзеге асырады.

2024 жылы су тұтыну 2023 жылмен салыстырғанда 68 %-ға артып, 29 985,74 м3 құрады. Мұндай айтарлықтай өсу келесі факторларға байланысты:

  • тұтынуды есепке алу әдістемесін өзгерту: өткен жылдардағы деректерді қалыптастыру кезінде Банктің кейбір ғимараттары (бөлімшелері) ескерілмеген. Сондай-ақ, Банктің кейбір жалға берілетін ғимараттары бойынша коммуналдық қызметтер жалдау құнына кірді және жалдау шарттарында энергия ресурстарын, суды тұтыну және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша деректерді ұсыну шарты болмады. 2024 жылы Банк жалдау шарттарында сұраныс бойынша мәліметтер беруді қарастырды. Нәтижесінде, Банктің 2024 жылғы су тұтынуы Банктің барлық ғимараттарын (меншікті және жалға берілетін) ескере отырып келтіріледі.
  • қызметін кеңейту, Банктің қосымша филиалдарының санын ұлғайту: есепті жылы Банктің 20-шы Ұлытау филиалы жұмыс істей бастады.