ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Іскерлік әдеп

Банкте Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне, Банктің Жарғысы мен ішкі құжаттарына, Холдингтің Іскерлік әдеп кодексіне сәйкес іскерлік мінез-құлық пен корпоративтік басқарудың танылған әлемдік стандарттарын ескере отырып әзірленген және корпоративтік (іскерлік) әдептің негізін қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын белгілейтін және Банк қызметкерлері басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы болып табылатын Іскерлік әдеп кодексі қолданылады.

Кодекс Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне және Банктің барлық қызметкерлеріне атқаратын лауазымына қарамастан қолданылады және Банктің өзге де ішкі құжаттарымен тең қолданылады. Қызметкерлер Жалғыз акционермен, Директорлар кеңесінің мүшелерімен, Басқармамен, әріптестермен, клиенттермен, серіктестермен, жеткізушілермен қарым-қатынаста Кодекстің талаптарын басшылыққа алады.

Әдептік қағидалары:

  1. Банк тең мүмкіндіктер береді және ешқандай жағдайда жыныстық, жас, нәсілдік, саяси, діни және басқа да осындай себептер бойынша кемсітушілікке жол бермейді.
  2. Кадрларды іріктеу және ілгерілету кемсітушіліктің қандай да бір көріністерін қоспағанда, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес кәсіби білім, тәжірибе және құзыреттер негізінде ғана жүзеге асырылады. Мансаптық өсу қызмет нәтижелерін, біліктілігі мен құзыреттілігін объективті бағалауға негізделген.
  3. Банк барлық жұмыскерлерге/қызметкерлерге қол жеткізілген нәтижелерге, құзыреттілікке және біліктілікке байланысты тең даму мүмкіндіктерін ұсынады. Өз кезегінде Банк ұжымның барлық мүшелерінен бастама, жаңа білім алуға ұмтылу және осы білімді әріптестерімен бөлісуге дайын болуды күтеді.
  4. Банктің жекелеген жұмыскерлерге /қызметкерлеріне қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге жол берілмейді.
  5. Әділ сыйақы белгілеу саласында Банк еңбек нәтижелерін тануға және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына негізделеді.

Банкте Іскерлік әдеп кодексінің сақталмағаны туралы мәліметтер жинау үшін омбудсмен институты жұмыс істейді, қызметкерлерге Кодекстің ережелері бойынша консультациялар жүргізіледі, Кодекстің ережелерін бұзу бойынша даулар және оларды реттеу мәселелері қаралады.

Банкте кемсітушіліктің кез келген түрін анықтау бойынша жылына бір рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ, тоқсан сайын қызметкерлерді кемсітушіліктің барлық түрлері туралы хабарлау тәсілдері туралы хабардар ету жүргізіледі.

2024 жылы Банк қызметкерлері үшін әртүрлілік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде ZOOM платформасы арқылы Банк омбудсмені Акрачкова Дина Викторовнамен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қызметкерлер омбудсменмен танысып, Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелерді, Омбудсменмен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ іскерлік әдеп кодексінің негізгі аспектілерін талқылады.