Тұрақты дамуды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Банктегі тұрақты дамуды басқару корпоративтік басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Саясаттың ережелеріне сәйкес тұрақты дамуды басқару жүйесінде тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен стандарттарды іске асыру үшін әрбір органның және барлық қызметкерлердің рөлдері, құзыреттері, жауапкершілігі нақты айқындалған және бекітілген.
Тұрақты дамуды енгізуге стратегиялық басшылық пен бақылауды Банктің Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Банктің Директорлар кеңесі Банктің тұрақты даму саласындағы стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, мақсаттары мен іргелі қағидаттарын айқындайды.
Тұрақты даму саласындағы Директорлар кеңесі тарапынан Банктің стратегиялық дамуына, нормативтік реттеуіне, операциялық нәтижелері мен беделіне, оның ішінде мүдделі тараптар үшін ақпаратты ашуға үлкен әсер етіледі. Директорлар кеңесі жыл сайын Банктің жылдық есебі мен Тұрақты даму есебін алдын ала қарайды. Банктің есептеріне қосымшалардың бірі – Банктің Директорлар кеңесі қарайтын «Маңызды тақырыптар және оларды бағалау» бөлімі болып табылады.
Директорлар кеңесінің консультативтік және кеңесші органы ретінде әрекет ететін Директорлар кеңесі жанындағы Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті Банктің тұрақты дамуына байланысты мәселелер бойынша, оның ішінде тұрақты даму саласындағы стратегиялық бағыттар бойынша, тұрақты даму саласындағы қызметтің мақсаттарына және өзекті көрсеткіштеріне жетудегі баға, ESG-тәуекелдерді басқару, тұрақты даму саласында қағидаттарды сақтау мониторингі бойынша, сонымен қатар Банктің тұрақты даму саласындағы ішкі құжаттарын әзірлеу және енгізу бойынша Кеңеске ұсыныстар беруде маңызды рөлге ие.
Басқарма тұрақты даму саласында тиісті жүйені қалыптастыруды және оны енгізуді, Банктің тұрақты даму саласындағы стратегиялық даму бағытын орындауды, Банктің Директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтауды қамтамасыз етеді. Басқарма Банктің тұрақты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Банк Басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму комитеті тұрақты даму саласындағы іс-шараларды үйлестіруге, ESG мәселелерін қарауды және ұйымдастыруды, ESG саласындағы саясаттың стратегиялық құжаттарын бекіту, ESG бойынша тиімділік пен стратегиялық мақсаттарды айқындау бойынша Банк Басқармасына ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады.
Банктің құрылымдық бөлімшелері Банктің Даму Стратегиясында белгіленген тұрақты даму саласындағы тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ESG саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асырады, ESG саласындағы жобаларды іске асырады және тәуекелдерді айқындайды.
Жоспарлау және стратегиялық талдау департаменті Банктің тұрақты даму саласындағы басқа бөлімшелеріне сараптамалық қолдау көрсететін, Банктің ESG саласындағы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды басқаратын, осы бағыт бойынша мониторингті және есептілікті ұсынуды жүзеге асыратын Банктің негізгі үйлестіруші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Барлық деңгейдегі барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар тұрақты дамуға үлес қосады. Тұрақты даму саласындағы қызмет бағытына жетекшілік ететін Банктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Саясат ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болады, сондай-ақ ESG бойынша мақсаттар мен тиімділікке қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіруді және ESG саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылауды, жылдық есеп пен тұрақты даму туралы есептің дайындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Банкте оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламалары тұрақты негізде жүргізіледі. Оқыту тұрақты дамуды енгізуде тұрақты элемент болып табылады. Банктің лауазымды адамдары қызметкерлердің тұрақты даму қағидаттарын түсіну және ұстану және мәдениетті, қызметті жүргізу және міндеттерді орындау кезіндегі мінез-құлықты өзгерту негізінде тұрақты дамуға тартылуына ықпал етеді.
2025 жылғы жоспар
Банк Басқармасы 2024 жылғы 20 желтоқсандағы ESG және тұрақты даму саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған Банктің тұрақты дамуы жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспардың толық мәтінімен Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму / Корпоративтік жауапкершілік» бөлімінде танысуға болады.