Әлеуметтік қорғау
Банк қызметкерлерін әлеуметтік қолдау саясаты ұжымды тұрақтандыруға және әрбір қызметкерге қамқорлық жасауға бағытталған. Банк қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына сәйкес Банк қызметкерлеріне ауқымды әлеуметтік пакеттің құрамына кіретін жеңілдіктер мен өтемақылар береді. Барлық төлемдер Банк бюджетінің тиісті баптарының қаражаты шегінде жүргізіледі. Әлеуметтік қолдау уақытша немесе толық емес жұмыс жағдайында қабылданған қызметкерлерге қолданылмайды.
Қағидаларда Банк қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлері көзделеді:
Материалдық көмек қызметкерлерге келесі жағдайда төленеді:
- жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде сауықтыру үшін;
- некеге тұруға байланысты;
- жүктілік және босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (жаңа туған балаларды) асырап алған адамдардың демалысына байланысты;
- бала тууына / ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға байланысты;
- қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/операциясына байланысты;
- жұмыскердің/қызметкердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Банк бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін үзілістер береді. 2024 жылы 3 әйел қызметкер бұл құқықты пайдаланды.
2024 жылы 191 қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болды (3 жасқа толмаған). Атап айтқанда, 61 қызметкер бір жыл ішінде бала күтімі бойынша демалысқа шықты. Есепті жылы 72 қызметкер бала күтімі бойынша демалыстан кейін жұмысқа шықты.
Бала күтіміне байланысты демалыс
|
қызметкерлер саны |
адам |
|---|---|
|
Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан қызметкерлердің саны, жиыны |
|
|
Ерлер |
1 |
|
Әйелдер |
190 |
|
Есепті кезеңде есепті жылда бала күтіміне байланысты демалысы аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған қызметкерлер саны, жиыны |
|
|
Ерлер |
0 |
|
Әйелдер |
72 |
|
Есепті кезеңде есепті жылда бала күтіміне байланысты демалысы аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған, жұмысқа оралғаннан кейін 12 ай бойы жұмыс істеуді жалғастырған қызметкерлер саны, жиыны |
|
|
Ерлер |
0 |
|
Әйелдер |
64 |
Жұмысқа оралу коэффициенті 31,9 %-ды құрады. Қызметкерлерді ұстап қалу коэффициенті 84,1 %-ды құрады.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Медициналық сақтандыруға арналған қаражат қызметкер ауырған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымдарымен жасалған шарттарға сәйкес не медициналық ұйымдармен медициналық қызмет көрсетуге арналған шарттар бойынша жұмсалады. Бір қызметкерге медициналық сақтандыруға арналған шығыстар тиісті қаржы жылына 100 АЕК аспауға тиіс.
2024 жылы орта есеппен 2 168 адам ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша Медициналық қызмет көрсету қызметтерін пайдалана алды, оның ішінде 1 633 қызметкер және 535 отбасы мүшелері.
Сонымен қатар, медициналық сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру бағдарламасына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Орал қалалары бойынша жүктілік және босану бойынша патронаж кіреді. Барлығы жылына 50 жағдай кіреді және мыналарды қамтиды:
- жүктіліктің 12 аптасынан бастап тіркелу, физиологиялық жүктілік және босану шығындарын жабу (ерекшеліктер: қағанақ суының көптігі, көп ұрықтылық, күрделі жүктілік, ана мен ұрықтың резус қақтығысы, ананың созылмалы жүрек патологиясы, кесарьдан тілігінен кейінгі жүктілік);
- босанғаннан кейінгі алғашқы 40 күнде ана мен жаңа туған нәрестені жүргізу.
Қызметкерге басқа жердегі жұмыс орны бойынша тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты нақты жүргізілген шығыстар бойынша растайтын құжаттар болған кезде бір мезгілде мынадай өтемақы төлемдері жүзеге асырылуы мүмкін:
- шақырылған/ауыстырылған қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің теміржол / автомобиль көлігімен жол жүру құнын төлеу.
- шақырылған/ауыстырылған қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің мүлкін теміржол / автомобиль көлігімен тасымалдауға ақы төлеу.
Банктің қаржылық жағдайына байланысты тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу шақырылған/ауыстырылған қызметкерге тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу бойынша шығыстарды ішінара өтеу жолымен (2 жылдан аспайтын мерзімге) көрсетілуі мүмкін.