ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде
Ерсаин Хамитов
«Отбасы банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Директорлар кеңесі
Төрағасының жолдауы

Құрметті ханымдар мен мырзалар, клиенттер мен серіктестер!

ESG-стандарттарын енгізу – компаниялардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты тетіктердің бірі. Қазақстан бұл бағытта Орталық Азия елдері арасында алдынғы қатарда келеді. Тұрақты даму саласындағы нормативтік-құқықтық базаның қарқынды дамуы елімізде ESG-қағидаттарының белсенді ілгерілеуне ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналды.

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі мен корпоративтік басқару сапасы – шешім қабылдауға, инвестициялар тартуға және отандық компаниялардың беделін нығайтуға тікелей әсер етеді.

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Отбасы банк, Банк) өз қызметінде ESG-тәжірибелерін жыл сайын арттырып келеді. Бұл туралы бүгінде қазақстандықтар жақсы біледі. 2024 жылы банк репутациясына қатысты қоғамдық пікірді зерделеу аясында жүргізілген сауалнама нәтижелері осыны дәлелдейді. Респонденттердің басым бөлігі «Отбасы банкті» адамдарға, қоршаған орта мен қоғамға қамқорлықпен қарайтын әлеуметтік жауапты қаржы институты ретінде таниды. Сондай-ақ, cауалнамаға қатысқандардың 69,9 %-ы банктің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға қаржылық қызметтерді қолжетімді етіп ұсынатынын және әлеуметтік осал топтардың инклюзиясына үлес қосып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, сұралғандардың екіден бірі банк жоғары этикалық стандарттарды ұстанады және сыбайлас жемқорлықтан ада деген пікірде. Демек, ESG көрсеткіштері ішіндегі «Әлеуметтік жауапкершілік» пен «Басқару» салалары бойынша «Отбасы банк» халық пен мүдделі тараптар арасында оң имидж қалыптастырып отыр.

«Отбасы банк» – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Ол мемлекеттің тұрғын үй мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі барлық ипотекалық қарыздарының 55 %-ын біздің банк берген. Қазіргі таңда Банктің өнім желісінде халықтың әрбір әлеуметтік топтарына арналған, оның ішінде табысы өте төмен және жинаған бастапқы жарнасы жоқ азаматтарға арналған көптеген тиімді қаржылық өнімдер бар.

Банк экологияны сақтауға және адамның салауатты өміріне бағытталған «жасыл» өнімдерді де белсенді түрде ілгерілетіп келеді. 2023–2024 жылдары «Жасыл ипотека» аясында 31,4 млрд теңге көлемінде 1255 заем берілді.

Әлеуметтік жобалармен қатар, соңғы екі жылда банк экологияны сақтауға және адамның салауатты өміріне бағытталған «жасыл» өнімдерді де белсенді түрде ілгерілетіп келеді. 2023–2024 жылдары «Жасыл ипотека» аясында 31,4 млрд теңге көлемінде 1255 заем берілді.

Биыл да Банк «жасыл» жобалар портфелін ұлғайта түспек. 2024 жылдың 1 қарашасында Отбасы банк пен Азия даму банкі Қазақстан Республикасында инклюзивті және жасыл тұрғын үй қаржыландыруды дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Банк 10 жылға арналған жаңа даму стратегиясын бекітті. Бұл стратегияның негізі – ESG қағидаттарын қызметтің барлық деңгейіне интеграциялау. ESG факторларын басқару Банктің ұйымдастырушылық құрылымының барлық буынына ендірілді.

Банк ESG қағидаттарын басшылыққа ала отырып, клиенттердің сенімін арттыруға және Қазақстанда тұрақты әрі көркемденген қоғам құруға барынша үлес қосып, үздік қаржы ұйымы болуға ниетті.