ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Директорлар кеңесінің құрамы мен біліктілігі

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі 5 мүшеден тұрды, соның ішінде үш тәуелсіз директордан. Банк Директорлар кеңесінің өкілеттік ету мерзімі: 3 жыл.

Хамитов Ерсаин Ербулатович
«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (20.06.2024 ж. бастап)

1983 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

  • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, мамандығы: экономист-қаржыгер; (Қазақстан Республикасы).
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, мамандығы: Executive MBA (Ресей Федерациясы).

Еңбек қызметі жайындағы мәлімет:

2022 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдан 2022 жылға дейін – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

Банк және қаржы салаларында әртүрлі лауазымдарда 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің Комитеттеріндегі мүшелігі:

Аудит жөніндегі комитеттің, Кадрлар, сыйақылар мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа да атқарған лауазымдар: 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Тұрақты даму және ESG мәселелері жөнінде оқу туралы мәлімет:

2022 жыл – «Advanced certificate program: ESG and the Board»;

2023 жыл – «Тұрақты даму мақсаттары, ESG қағидаттары».

«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Ибрагимова Ләззат Еркенқызы
«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі (21.02.2022 ж. бастап)

1972 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.

Білімі:

  • Ақмола ауыл шаруашылығы институты. Мамандығы: Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару.
  • Еуразия гуманитарлық институты. Мамандығы: Құқықтану.
  • «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебі. Мамандығы: Executive MBA.

Еңбек қызметі жайындағы мәлімет:

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Отбасы банкі» АҚ Басқарма Төрағасы.

2016–2017 жылдары – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде қаржы саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Басқа да атқарған лауазымдар: 

«Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы.

Тұрақты даму және ESG мәселелері жөнінде оқу туралы мәлімет:

2024 жыл – «Топ-менеджментке арналған ESG».

«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акция­ларына иелік етпейді.

Тоқобаев Нұрлан Тұрсынбекұлы
«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі (21.02.2022 ж. бастап)

1974 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы: «Қаржы және кредит», біліктілігі «Экономист».

Еңбек қызметі жайындағы мәлімет:

2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Еуразиялық банк» АҚ Өзбекстан, Басқарма Төрағасы.

2021 жылдан 2024 жылға дейін – АХҚО Privat Equity Fund басқарушысы.

2017–2021 жылдары – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

2017–2021 жылдары – Қадағалаушы кеңестің мүшесі, «Kazakhstan Project Preparation Fond» ЖШС тәуелсіз директоры.

2017–2020 жылдары – «Оптима Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

Қаржы және банк салаларында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің Комитеттеріндегі мүшелігі:

Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің, Кадрлар, сыйақылар мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа да атқарған лауазымдар: 

«Еуразиялық банк» АҚ Өзбекстан Басқармасының Төрағасы.

Тұрақты даму және ESG мәселелері жөнінде оқу туралы мәлімет:

2024 жыл – «ESG: жаңа халықаралық талаптарды сақтау, Корпоративтік басқару, тәуекелдер және комплаенс».

«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

ЖамаловСанжар Еркебайұлы
«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі (21.02.2022 ж. бастап)

1985 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

  • Charles University, мамандығы: қаржы математикасының бакалавры (Чехия);
  • Newcastle University, мамандығы: халықаралық қаржылық талдау шебері (Ұлыбритания);
  • University of Cambridge, мамандығы: Executive MBA (Ұлыбритания).

Еңбек қызметі жайындағы мәлімет:

2024 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры.

2018 жылдан 2024 жылға дейін – Қазақстан Респуб­ликасындағы ING Bank N.V. өкілдігінің басшысы.

2018 жыл – ING Bank N.V металдар мен энергетикадағы құрылымдық қаржыландыру жөніндегі маман.

2014 жылдан 2018 жылға дейін – ING Bank N.V корпоративтік клиенттерінің басшысы.

Қаржы және банк секторларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің Комитеттеріндегі мүшелігі:

Аудит жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитетінің төрағасы, Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитетінің мүшесі.

Басқа да атқарған лауазымдар:

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі, «KCELL» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі, «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ тәуелсіз директоры.

«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акция­ларына иелік етпейді.

Ермекова Эльмира Мүслимқызы
«Отбасы банк» тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі (21.02.2022 ж. бастап)

1963 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.

Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Мамандығы: Экономист. Саяси экономия оқытушысы.

Еңбек қызметі жайындағы мәлімет:

2019–2021 жылдары – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оқу орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы.

Қаржы және банк салаларында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің Комитеттеріндегі мүшелігі:

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі, Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа да атқарған лауазымдар: 

жоқ.

Тұрақты даму және ESG мәселелері жөнінде оқу туралы мәлімет:

2024 жыл – «ESG: Жаңа Халықаралық реттеу талаптарын сақтау. Корпоративтік басқару, тәуекелдер және комплаенс».