ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Кредиттік қызметте ESG-факторларды басқару

Есепті кезеңде Банкте ESG бойынша тәуекелдерді басқарудың жеке жүйесі құрылмаған. Бұл ретте ESG ескеріле отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі Банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес Банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына жаңа өзгерістер шеңберінде көздейді.

Банк 2025 жылы реттеушінің жаңа талаптарына сәйкес банктік қарыз шартын жасасу алдында маңызды және жоғары тәуекелді жобаларда экологиялық және әлеуметтік тәуекелдердің қолайлылығы туралы шешім қабылдаудың, сондай-ақ жоғары экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері бар қарыз операцияларын жүргізуден бас тартудың ішкі тәртібінің рәсімдерін әзірлейді. Осылайша, Банк ESG факторларын несиелік қызмет шеңберінде шешім қабылдау процесіне біріктіреді.

Банк барлық берілетін кредиттер бойынша бағалау мен есептіліктің нақты стандарттарын әзірлеу, шешімдер қабылдау үшін ашықтықты қамтамасыз ету және ESG-стандарттарын белсенді пайдалану тәуекелдерді төмендетіп қана қоймай, тұрақты және әлеуметтік жауапты қаржы өнімдерін құруға ықпал ететінін түсінеді.

Осы кезеңде Банк кредиттеудің жаңа бағдарламаларының тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекітті, оның өлшемшарттары бойынша кейіннен әлеуметтік және «жасыл» кредиттерді тарту және/немесе Әлеуметтік және «жасыл» облигацияларды шығару арқылы қаржыландыруға жіберілуі мүмкін кредиттеу бағдарламалары айқындалады. Әдістемеге сәйкес мұндай ESG жобаларын іріктеу критерийлері халықаралық және ұлттық стандарттар мен тәжірибелердің әлеуметтік және экологиялық мақсаттары мен сипаттамаларына сүйене отырып айқындалады.

Осындай ESG жобаларын іріктеу барысында Банк осы кредит беру бағдарламаларына ұмтылады:

  1. Әлеуметтік және экологиялық тұрақты сипатта болды (ESG-бағыттылығы);
  2. кредит беру бағдарламаларының ықпалына түсетін жұмыскерлер мен жергілікті халықтың құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз етті;
  3. қолданылатын нормативтік талаптарға және озық халықаралық практикаға сәйкес әзірленді және орындалды.

Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін банкті Кредиттеу бағдарламаларының тізімі Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму»/ «Есеп беру» бөлімінде қалыптастырылып, жарияланды.