Ішкі аудит
Банктің ішкі аудит департаментінің қызметі (бұдан әрі – ІАД) ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық негіздерінде құрылған және Тәуелсіздік, бейтараптық, адалдық, объективтілік және кәсіби құзыреттілік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
ІАД міндеті Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасына Банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті жәрдемдесу қызметтерін көрсету болып табылады.
ІАД қызметінің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне Банктің қызметін жетілдіруге және тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған тәуелсіз ақылға қонымды кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.
ІАД тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады және функционалдық жағынан Директорлар кеңесіне, Банктің әкімшілік басқармасына есеп береді. Ішкі аудит департаментінің басшысы мен қызметкерлерін Директорлар кеңесі тағайындайды.
2024 жылы ішкі аудит департаментінің штат саны 13 адамды құрады. Ішкі аудит департаментінің басшысы CIA (Certified Internal Auditor) халықаралық ішкі аудит сертификатына ие. Ішкі аудиторлар үздіксіз кәсіби дамуды жүзеге асырады және Ұлыбританияның қаржы менеджерлері институты (DipPIA және DiPCPIA) берген сертификатталған кәсіби ішкі аудиторлардың дипломдарын иеленеді.
- Ішкі аудит департаментінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
- корпоративтік басқарудың тиімділігін және әдеп стандарттары мен құндылықтарды сақтауды бағалау;
- Банктің стратегиялық мақсаттары шеңберінде алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Банктің құрылымдық бөлімшелері қолданатын шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігін бағалау;
- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалануды ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау;
- ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру мәселелері бойынша Банктің атқарушы органына, құрылымдық бөлімшелеріне консультациялар беру.
2024 жылға жоспарланған барлық аудиторлық тапсырмалар толық көлемде орындалды. Аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған елеулі проблемалар мынадай түйінді тәуекелдерді іске асыруға әкеп соққан адами фактормен байланысты: Банктің ішкі құжаттарының, процестерінің және/немесе рәсімдерінің Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің (бұдан әрі – НҚА) талаптарына толық сәйкес келмеуі, деректерді ақпараттық жүйелерге дұрыс емес және/немесе уақтылы енгізбеуі, Банктің ішкі құжаттарының талаптарын толық сақтамауы.
Осы тәуекелдер мен проблемаларды барынша азайту бойынша Банк қабылдаған негізгі шаралар бизнес-процестерді автоматтандыру және Банктің ақпараттық жүйелеріне техникалық пысықтаулар жүргізу, Банктің ішкі құжаттарын НҚА талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізу, Банк қызметкерлерімен нұсқамалар мен оқыту жүргізу, сондай-ақ Банк қызметкерлеріне тәртіптік жаза шараларын қолдану болды.
2024 жылы Банктің ақпараттық технологиялары мен ақпараттық қауіпсіздігінің НҚА талаптарына, CobIT 2019 әдіснамасына және ISO:27001 стандартына сәйкестігіне сыртқы кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша Банктің бақылау АТ-рәсімдерінің тиімділік деңгейі COBIT 2019 халықаралық әдіснамасының негізгі критерийлеріне сәйкес өте жоғары деңгейде және – 95 %-ды құрады («барабар» рейтингіне сәйкес келеді).
2024 жылы Банктің корпоративтік басқаруының «Отбасы банк» АҚ Корпоративтік басқару жүйесін бағалау әдістемесінің өлшемдеріне сәйкестігіне сыртқы бағалау жүргізілді. Сыртқы бағалау нәтижелері бойынша сәйкестік деңгейі өте жоғары деңгейде және – 95,4 %-ды құрады («барабар» рейтингіне сәйкес келеді). «Отбасы» АҚ Корпоративтік басқару жүйесін бағалаудың бекітілген әдістемесі Банктің ESG-саясаты мен практикасын бағалауды көздейді.
Тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарларды Директорлар кеңесі қарайды және бекітеді.
Өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Ішкі аудит департаменті Директорлар кеңесіне өзінің тәуелсіздігін растады.