Басқарма Төрағасының
жолдауы
Құрметті ханымдар мен мырзалар, клиенттер мен серіктестер!
«Отбасы банк» АҚ – Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Бұл жүйе елімізде мемлекеттің бастамасымен енгізілген. Оның басты мақсаты – қазақстандықтарға, қарапайым азаматтарға болашақта өз баспанасын сатып алу үшін қаржы жинауға мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда бұл жүйе еліміздің әлеуметтік саясатын іске асырудағы маңызды құралға айналды – азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету ісіне үлес қосып отыр.
Осыған орай, Отбасы банк елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады.
Банктің миссиясы: «Ұзақ мерзімді әл-ауқатты арттыра отырып, отбасыларды өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету арқылы Отанға деген сезімін нығайту». Бұл миссия әлеуметтік әсерге баса назар аудара отырып, Банктің тұрақты даму саласындағы басымдықтарын айқындайды. Сонымен қатар, Отбасы банк халықтың зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу шығындарын өтеуге мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде әрекет етеді.
Банк өзінің тұрақты даму саласындағы саясаты арқылы БҰҰ-ның Ғаламдық шарты (UN Global Compact), ISO 26000:2010 сияқты халықаралық стандарттарға адалдығын көрсетіп келеді. Бұл саясат тұрақты дамудың қағидаттары мен тәсілдерін бекітіп, оларды банктің ішкі басқару жүйесіне біріктіруге бағытталған.
Соңғы екі жылда банк әлеуметтік жобалармен қатар, «жасыл» ипотека өнімдерін де белсенді түрде дамытып келеді. Бұл бағыт экологияны қорғауға және халықтың салауатты өмір сүруіне ықпал етеді. Атап айтқанда, 2023–2024 жылдар аралығында «жасыл» ипотека аясында 31,4 млрд теңгеге 1 255 несие берілді.
Биыл Банк «жасыл» жобалар портфелін одан әрі ұлғайтуды жалғастырады. 2024 жылғы 1 қарашасында Отбасы банкі мен Азия даму банкі Қазақстан Республикасында инклюзивті және экологиялық таза тұрғын үй қаржыландыру жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Өткен жылы Отбасы банк алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінен ESG-рейтингін алды. Ол Банктің тұрақты даму қағидаттарына бейімділігін растайды және оның тұрғын үйге қолжетімділік және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау сияқты әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге белсенді қатысып отырғанын көрсетеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық ипотекадағы Отбасы банкінің үлесі 55 %-ды құрады. Банк елдің экономикалық белсенді халқының 29,8 % астамына қызмет көрсетеді. Бұл жалпы кредиттік портфелі 3,5 трлн теңгені құрайтын, ЕДБ арасындағы активтері мен меншікті капиталы бойынша төртінші банк. Банктегі мақсатты әлеуметтік әсері бар кредиттер 2024 жылдың аяғында Банктің жалпы кредиттік портфелінің 39 %-ын құрады.
Отбасы банк елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады.
Бұл халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған қазақстандықтарға берілген жеңілдетілген қарыздар.
Банктің осы және басқа жобалары кедейлікті жою, өмір сүру деңгейін, экономикалық өсуді арттыру, теңсіздікті азайту, тұрғын үй тапшылығын азайту және халықтың осал топтары үшін өмір сүру жағдайларын жақсарту арқылы тұрақты қалалар мен елдімекендерді дамыту сияқты БҰҰ бекіткен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.
Бұдан басқа, Отбасы банк өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға да ерекше көңіл бөледі. Қызметкерлер арасында тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру, ресурс тұтынуды басқару, экологиялық акциялар өткізу сияқты бастамалар жүйелі түрде жүзеге асуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан ESG тақырыбында экстенсивті дамудан тұрақты дамуға көшу үлгісі болып табылады. ESG-күн тәртібін дамытуда Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын қабылдау туралы Президенттің 2023 жылғы ақпанындағы Жарлығы және ұлттық деңгейде анықталатын үлесін жаңарту (ҰДАҮ) – Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі мәселесінде жаһандық ден қоюға қосқан үлесі болып отыр.
Осы ретте, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк ретінде және әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған қызметімен Отбасы банк ESG күн тәртібінде белсенді дамып келеді. Банк түрлі әлеуметтік бастамаларға белсене қатысып, экология мен қоғам үшін маңызды жобаларды іске асыруда.