ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Банк туралы

Отбасы Банкі 2003 жылы тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың тиімділігін жетілдіру және арттыру және халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту мақсатында құрылды.

Банктің негізгі қызмет түрлері:

Банктің құрылтайшысы Банк акцияларының мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Банктің жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) болып табылады. Банк Холдингтің компаниялар тобына кіреді және өзінің еншілес ұйымдары жоқ, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі жоқ.

Банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және келесіге ие:

толық атауы:
  • мемлекеттік тілде: «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы»;
  • орыс тілінде: «Жилищный строительный сберегательный банк» «Отбасы банк»;
  • ағылшын тілінде: «joint stock company «Otbasy bank» house construction savings bank».
қысқартылған атауы:
  • мемлекеттік тілде: «Отбасы банкі» АҚ;
  • орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;
  • ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».

Банктің атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A05A2X0, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91.

Банк Басқармасының төрағасы Ибрагимова Ләззат Еркенқызы.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырады және Қазақстанның барлық өңірлерінде болады.

АЙМАҚТЫҚ ЖЕЛІ

филиал
20
филиал
қызмет көрсету орталығы
17
қызмет көрсету орталығы
қызмет көрсету нүктесі
2
қызмет көрсету нүктесі

АГЕНТТІК ЖЕЛІ

агент-заңды тұлға – «Қазпошта» АҚ бар
1
агент-заңды тұлға – «Қазпошта» АҚ бар
консультациялық орталық
181
консультациялық орталық
кеңесші агент
1 150
кеңесші агент