Директорлар кеңесін бағалау
Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметін бағалау жыл сайынғы негізде жүргізіледі. Бұл ретте үш жылда кемінде бір рет тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып бағалау жүргізіледі.
Директорлар кеңесі келесі арқылы бағалау жүргізе алады:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының не ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес өз күштерімен;
- корпоративтік басқару рейтингтерін беретін тәуелсіз консультанттарды, кәсіби қауымдастықтар мен ұйымдарды тарта отырып іс-шаралар өткізу;
- басқа жолдармен.
2024 жылы Директорлар кеңесінің, комитеттердің және Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау өз күшімен жүргізілді. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің 2024 жылғы сәуірдегі жабық отырысында бекітілді.
Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша мыналар атап өтіледі:
- Банктің Директорлар кеңесі жеткілікті көңіл бөледі және шешім қабылдау кезінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және Банк пен оның жалғыз акционерінің мүдделерін қорғауға бағдарланады;
- Директорлар кеңесі Банктің Қаржы-шаруашылық қызметін тиісті бақылау үшін барлық қажетті құралдарға ие;
- Директорлар кеңесі стратегиялық міндеттердің орындалу барысына тұрақты мониторинг және бағалау жүргізеді, алайда Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы Банктің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді;
- Директорлар кеңесі мен атқарушы орган Банк қызметіне елеулі әсер етуі мүмкін негізгі тәуекелдерге тиісті дәрежеде назар аударады;
- Директорлар кеңесі болашақ мақсаттарға, стратегияға, саясатқа, ірі инвестициялық жобаларға қатысты маңызды шешімдер қабылдауға жеткілікті уақыт пен ақпаратқа ие;
- Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесін тиімді басқарады;
- Директорлар кеңесінің Төрағасы тиісті деңгейде Банктің стратегиясын әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындайды;
- дағдылар мен біліктіліктер Банктің Директорлар кеңесінде көп жағдайда ұсынылуы керек: Аналитикалық қабілеттер, Қазақстан заңнамасын білу;
- Директорлар кеңесінің отырысы әрдайым Банктің Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілмейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде баяндамалар әрқашан теңдестірілген шешімдер қабылдау үшін жеткілікті нақты ақпарат бере бермейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстарында әр мәселені талқылауға жеткілікті уақыт бөлінеді;
- Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің бақылау функцияларын тиімді орындау үшін Банктің қызметін және оның ерекшеліктерін зерттеуге жеткілікті уақыт бөледі.
Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері комитеттердің кәсіби құрамы мен жұмысын жоғары бағалады.