ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Корпоративтік басқару құрылымы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің ұйымдық құрылымы мынадай басқару органдарынан тұрады:

жоғары орган 

Жалғыз акционер

Басқару органы

Директорлар кеңесі. Банктің Директорлар кеңесі жанынан 4 комитет жұмыс істейді: Аудит жөніндегі комитет (Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне (оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығына) бақылаудың тиімді жүйесін белгілеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі құжаттардың сақталуы, сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесіне қызметтің басым бағыттарын әзірлеу мәселелері (даму) бойынша ұсынымдар дайындау жөніндегі және Банктің тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін қарайды, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті (қызметтің (дамудың) басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттарды (даму стратегиясын), корпоративтік даму мәселелерін, соның ішінде орта және ұзақ мерзімді болашақта Банк қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу, оның қызметінің тиімділігі мен тұрақты дамуы жөніндегі мәселелерді қарайды, Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет (Директорлар кеңесіне ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізу, комплаенс қызметінің тәуелсіздігін бақылау, Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі құжаттардың сақталуын бақылау бойынша, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесіне қызметтің (дамудың) басым бағыттарын әзірлеу және Банкте тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесінің жұмыс істеуі, тәуекелдерді басқару жүйесін нығайту бойынша бойынша ұсынымдар дайындайды және Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет (Кадр саясаты, тағайындаулар мен сыйақылар жүйесі, сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің, Банк Басқармасы мүшелерінің қызметін тұтастай және жеке бағалау, Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сабақтастығын жоспарлау және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау саласындағы мәселелерді қарайды).

атқарушы орган

Басқарма. Банк Басқармасында 11 комитет жұмыс істейді: Стратегия және корпоративтік даму комитеті, Активтер мен міндеттемелерді басқару комитеті, Банк өнімдері мен процестері және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитеті, Кредиттік комитет, Ақпараттық ресурстар комитеті, Бюджет комитеті, Бақылау комитеті, Кадр мәселелері жөніндегі комитет, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және жатып қалған тауар-материалдық қорлардың құнын анықтау және есептен шығару жөніндегі комитет, Тәуекелдер жөніндегі комитет.

Банктің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган

ішкі аудит бөлімшесі

БАНКТІҢ ӨЗГЕ ДЕ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АЛҚАЛЫ ОРГАНДАРЫ

Қазақстан Республикасының заңнамасына және банк қызметінің түрлі бағыттарын іске асыру үшін Банктің ішкі құжаттарына сәйкес құрылатын органдар.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және банк қызметінің түрлі бағыттарын іске асыру үшін Банктің ішкі құжаттарына сәйкес құрылатын Банктің өзге де тұрақты жұмыс істейтін алқалы органдары Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасы арасындағы қатынастар корпоративтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. Директорлар кеңесі мен басқарманың құқықтары, міндеттері мен құзыреттері жарғы, корпоративтік басқару кодексі сияқты ішкі және құрылтай құжаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін реттейтін заңнамамен және нормативтік актілермен айқындалады және оларда бекітіледі.