Заңнама талаптарына сәйкестік
Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Банктер және Банк қызметі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңында көзделген және тыйым салынбаған қызметті жүзеге асырады.
Есепті жылы бәсекелестіктің кедергісіне байланысты жағдайлар және монополияға қарсы заңнама бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Банк өз қызметінде артықшылық алу немесе сақтау мақсатында саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыруды жүзеге асырмайды.
Есепті жылы Банк лоббистерге немесе лоббистік ұйымдарға, сауда қауымдастықтарына және салықтан босатылған басқа топтарға ақшалай жарналар мен шығыстар жасамады.
2024 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ тарапынан Банкке қатысты 1 ұсынымдық шара және 1 әкімшілік айыппұл қолданылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан Банкке қатысты 1 әкімшілік ескерту шығарылды.