Бақылау ортасы
Банктің мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелдерін ішкі бақылаудың тиімді жүйесі болған жағдайда ғана төмендетуге болады. Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру жолымен қамтамасыз етіледі. Банктегі бақылау ортасы – бұл бүкіл банк бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін базаны қамтамасыз ететін стандарттар, процестер мен құрылымдар жиынтығы.
Банктің бақылау ортасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
- Директорлар кеңесі, Басқарма, банк басшылығы адалдық пен этикалық құндылықтарға деген ұмтылыстың өзіндік үлгісін көрсетеді.
- Директорлар кеңесі Банк басқармасынан тәуелсіздігін көрсетеді және ішкі бақылау жүйесінің әзірленуі мен тиімділігін қадағалауды жүзеге асырады.
- Банк Басқармасы ұйымдық құрылымды, есеп беру желілерін әзірлейді, Банктің мақсаттарына жету үшін тиісті өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді барабар бөледі.
- Банк – Банктің мақсаттарына сәйкес білікті персоналды тартуға, дамытуға және ұстап қалуға бейілділігін көрсетеді.
- Банк басқармасы ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті барлық мүдделі тараптар арасында ресми түрде бөледі.
- Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуге бағытталған Банктің Директорлар кеңесі мен басқармасының жалпы көзқарасын, хабардарлығын және практикалық әрекеттерін сипаттайды.
Бақылау ортасын Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы әдеп қағидаттарын, кәсіби қызмет пен корпоративтік басқару стандарттарын ұстану негізінде қалыптастырады, бұл олардың заңнамалық белгіленген міндеттері мен жауапкершілігімен бірге Банктің басқару органдары тарапынан барабар бақылауды қамтамасыз етеді.