ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2024 Үй – арман емес, мақсат болған кезде

Климаттық өзгерістер

Климаттық өзгерістер Орталық Азия өңірінде және Қазақстан Республикасында қаржы секторының стратегиялық трансформациясының айқындаушы факторларының біріне айналуда. Температураның жоғарылауы, ауа райының күрт өзгеруі макроэкономикалық тұрақтылық үшін де, жеке бизнес-модельдердің тұрақтылығы үшін де айтарлықтай қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы жаһандық климаттық кеңістіктің бір бөлігі ретінде бірқатар сын-қатерлерге тап болып отыр: құрғақшылық пен су тасқыны жиілігінің артуы, су ресурстарының ауытқуы, сондай-ақ климаттық факторлардың қалалық және тұрғын үй инфрақұрылымына әсерінің өсуі.

Мұндай жағдайда «Отбасы банкі» АҚ тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы негізгі институт рөлін атқара отырып, климаттық өзгерістерге уақтылы бейімделудің маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар, қаржы институттарынан ашықтықты, жауапкершілікті және климаттық аспектілерді даму стратегиясына, ұлттық реттеушілерге біріктіру қабілетін күтетін инвесторлар, халықаралық серіктестер мен клиенттердің қысымы артып келеді.

2024 жылдан бастап «Отбасы банкі» АҚ Климаттық күн тәртібін стратегиялық және операциялық процестерге интеграциялаудың кешенді тәсілін белсенді іске асыруда. Климаттық тәуекелдерді бағалаудың ішкі әдіснамасын әзірлеу бойынша жүйелі жұмыс басталды, оның ішінде:

  • Банктің ипотекалық портфеліне климаттық стресс-тестілеу және климаттық факторлардың әсерін сценарийлік талдау жүргізу рәсімі;
  • Елдің аймақтық ерекшеліктерін және портфельдің әсерін ескере отырып, физикалық және өтпелі тәуекелдерді жіктеу;
  • Андеррайтинг пен кредиттік шешімдерге климаттық факторларды есепке алу рәсімдерін кейіннен енгізе отырып, қамтамасыз етулер мен қарыз алушылардың климаттық қатерлерге сезімталдығын бағалау.

Бұл бастамалар халықаралық есеп айырысу Банкінің (BIS) зерттеулеріне негізделген ұсыныстар, Еуропалық орталық Банктің ұсынымдары, GRI және SASB тұрақты есеп беру стандарттары және IFRS S2 − климаттық тәуекелдерді ашу жөніндегі жаһандық стандарт талаптары сияқты халықаралық тәсілдерге негізделген. Бұдан басқа, Банктің ESG-трансформациялау векторы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.

«Отбасы банкі» АҚ үшін климаттық күн тәртібі нормативтік сәйкестік шеңберінен шығып, ұзақ мерзімді тұрақтылықтың, бәсекеге қабілеттіліктің және әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Климаттық тәуекелдерді басқару Банктің өз қызметін жүргізетін Қазақстан өңірлері тап болатын Климаттық қатерлерді ескере отырып, халықтың сапалы тұрғын үйге тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз ету миссиясының ажырамас бөлігіне айналады.