Әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру
Банк мемлекеттің тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі негізгі операторлардың бірі болып табылады. Есепті жылы Банк көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедек адамдар, жетім балалар, әскери қызметшілер, жастар, әйелдер және жас ғалымдар сияқты әлеуметтік топтар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламаларын іске асырды.
Оның ішінде 2024 жылы келесі бағдарламалар іске қосылды:
Моноқалалардың, шағын қалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қоса алғанда, Қазақстан азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары. «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бірдей шарттарды ұсынады, бұл ретте «Наурыз» Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша экономикалық өсу жөніндегі үлкен мемлекеттік жоспар шеңберінде әзірленген әлеуметтік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарламалар аясында жастарға рейтинг кезінде оларға көбірек ұпай беретін қосымша мүмкіндіктер жасалады. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7 %-дан аспайтын қарыз бойынша жеңілдікті мөлшерлеме көзделген. Бағдарламалар нарықта әлеуметтік облигациялар шығару, нарықта тартылған қаражат, сондай-ақ Банктің өз қаражаты есебінен іске асырылады. Осы бағдарламалар үшін бейнебанкинг және Банктің «Baspana market» жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн өтінімдер беру әзірленді, бұл кредит алу процесін ыңғайлы және қолжетімді етеді, бұл шалғай өңірлердің тұрғындарына Банк бөлімшелеріне бармай-ақ қызметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауылдық елді мекендердегі ел азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған «Асыл мекен» бағдарламасы. Бағдарлама Банк қызметін облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалалар мен ауылдарға қайта бағдарлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылады, бұл ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және ауыл тұрғындары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Осы бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерде бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді қоса алғанда, тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ жер учаскесі бар жеке тұрғын үй құрылысына қарыз алу ұсынылады. Қарыздар Банк қабылдайтын кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптарды Кредиттеу аймағына кіретін ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бағдарлама Банктің өз қаражаты есебінен іске асырылады.
БАНКТІҢ БАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫЛАР:
|
Кредит түрі |
Бүкіл кезеңге берілді (01.01.2025 ж., жағдай бойынша) |
2024 жылы берілді |
01.01.2025 ж., жағдай бойынша КП |
|||
|
Саны |
Көлемі, млрд теңге |
Саны |
Көлемі, млрд теңге |
Саны |
Көлемі, млрд теңге |
|
|
«ШАҢЫРАҚ» пилоттық жобасы |
20 542 |
251,35 |
173 |
1,74 |
17 393 |
214,57 |
|
Бақытты отбасы |
22 091 |
247,76 |
3 910 |
49,29 |
20 594 |
231,59 |
|
5-10-20 тұжырымдамасы (Нұрлы жерді есепке алғанда): |
48 316 |
409,72 |
5 222 |
58,75 |
21 092 |
189,96 |
|
«Ұмай» әйелдер ипотекасы |
3 661 |
41,26 |
2 |
0,01 |
3 319 |
37,08 |
|
Жаңа баспана (әскери өнім) |
18 661 |
417,86 |
1 772 |
53,49 |
12 386 |
293,58 |
|
Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберіндегі өңірлік ипотекалық бағдарламалар |
11 511 |
162,82 |
2 891 |
48,90 |
8 191 |
133,44 |
|
Жас отбасы |
220 |
5,49 |
101 |
3,05 |
132 |
3,71 |
|
Наурыз |
6 791 |
176,83 |
6 791 |
176,83 |
6 789 |
176,6 |
|
Отау |
3 192 |
74,59 |
3 192 |
74,59 |
3 190 |
74,48 |
|
Асыл мекен |
208 |
1,99 |
208 |
1,99 |
208 |
1,99 |
|
Жас ғалымдарға арналған бағдарлама |
290 |
5,59 |
237 |
4,57 |
290 |
5,56 |
|
Жиыны |
135 483 |
1 795,25 |
24 499 |
473,22 |
93 584 |
1 362,57 |
Жалпы портфельдегі «әлеуметтік» ипотеканың пайызы 39 %-ды құрайды.
Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап Банк балаларға арналған жеке бағдарламаны – «АРНАУ» балалар депозитін іске асырады. Бағдарлама баланың болашақ тұрғын үйіне қаражат жинауға арналған. Бағдарламаның артықшылығы – төлем қабілеттілігін растаудың болашақ жеңілдетілген процедурасы. Сондай-ақ, салым 200 АЕК аспайтын бір жылдағы жинақ сомасының 20 % мөлшерінде мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді. 18 жасқа толғаннан кейін салымшы депозиттің толық құқықты иесіне айналады және жеңілдікті тұрғын үй қарызын алу үшін жинақтарды пайдалана алады. 01.01.2025 жылға Банкте 5,8 млрд теңге сомасына 32 755 балалар депозиті ашылды.
2021 жылдан бастап Банк тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын Зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік жобасына қатысады. «enpf-otbasy.kz» жобасы бойынша барлығы Банк 4,2 трлн теңге сомасына 2 381 680 өтінімді өңдеді.
2022 жылдан бастап Банк мемлекеттің (оның ішінде жергілікті әкімдіктердің) бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау бағдарламасын іске асыруда. Есепті жылы Банк жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі механизмді іске асыруды жалғастырды. 2024 жылы іс жүзінде 11,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 8,3 млрд теңге – республикалық бюджет қаражаты, 3,4 млрд теңге – жергілікті бюджет қаражаты. Игерілген қаражат көлемі 9,7 млрд теңгені (тиісінше 7,7 млрд және 1,9 млрд теңге) құрайды. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы республикалық және жергілікті бюджеттерге қайтарылды. Есепті жылдың соңында көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ 1,2 топтағы мүгедектерге 9,7 млрд теңге сомасына 10 403 өтінім бойынша төлемдер жүргізілді.
2023 жылдан бастап Банк «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама шеңберінде Банк Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің және берілген өтінімдерді әкімшілендіру үшін жергілікті органдар үшін жеке кабинеттің өтінімдерін қашықтықтан беруді әзірлейді. Клиенттік сервисті жақсарту және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды ұлғайту үшін процесс толығымен онлайн форматқа көшірілді, бұл білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына және жергілікті атқарушы органдарда ауылдық аумақтарды дамыту шеңберінде бюджеттік кредиттер алуға өтінімдерді беру және өңдеу бойынша бағдарлама әкімшілеріне уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді. 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша бағдарлама бойынша жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге 6 970 кредит берілді, оның ішінде тек 2024 жылы 26,1 млрд теңгеге 3 263 кредит берілді.
Есепті 2024 жылы Банк негізгі мемлекеттік жобалардың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» уәкілетті операторы болды және оның тұжырымдамасы мен оны іске асыру жөніндегі шараларды бекітті. Бағдарламаны іске асыру 2024 жылдың қаңтарынан басталды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы шеңберінде 2006 жылы және одан кейін туылған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы – балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 %-ы есептеледі. 2024 жылы бір балаға есептелген ақшалай қаражат 100 доллардан асты. Қазақстан Республикасының 43 591 баласының шотына барлығы 4 229 мың АҚШ доллары аударылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бастап Банк ел азаматтарын білім беру мәселелерінде әлеуметтік қолдауға бағытталған «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Банк қаражаты мемлекеттің толық қорғауында және қол сұғылмайтын «AQYL» білім беру жинақтау салымын аша бастады. Осы жоба бойынша Банк Қазақстан азаматтарына елде де, шетелде де кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін жылдық 9,5 %-12 % (ЖТСМ 10,1 – 13,1 %) сыйақы мөлшерлемесі бойынша жинақтау мерзіміне байланысты, азаматтардың әлеуметтік санатына байланысты, сондай-ақ жыл сайын жылдық 5-7 % мөлшерінде (бірақ 100 АЕК артық емес) мемлекет сыйлықақысын есептей отырып, қаражатты жоспарлы түрде жинақтауға мүмкіндік береді. Депозит жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары сияқты азаматтардың белгілі бір санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетеді. «AQYL» жобасы іске қосылған сәттен бастап 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша Банкте 70 220 астам депозит ашылды, бұл халық арасында осы өнімге сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.