«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Банк туралы

БІЗДІҢ БАНК

Әр мемлекеттің өз стратегиялық мақсаттары мен міндеттері бар. Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі — азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2000ж. 7 желтоқсандағы «ҚР-да тұрғын үй құрылысы жинағы туралы» ҚР Заңымен реттелген тұрғын үй құрылыс жинақ (ТҚЖ) жүйесінің қалыптасуына экономикалық өсім мен мемлекеттің әлеуметтік бағдары негіз болып отыр.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

2003 жылдың шілде айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.

2005 жылы банк алғашқы рет заем берді. Бұл — аралық заем еді. 2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты жыл сайын растап отырады.

Бұдан кейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі елеулі түрде кеңи түсті. Оның үстіне, банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасаса бастады.

Жүйе жұмыс істей бастағаннан бері 2017 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша Банк жалпы сомасы 3 099 млрд. теңге болатын 1 199 916  ТҚЖ шартын жасады, салымшылар жинағы 414 млрд. теңгені құрайды, 620 млрд. теңге сомасында 130 723 заем берілді.

Банкке Республикалық бюджеттен 69 200 млн. теңге сомасында  кредиттік қаржы  бөлінді,  01.02.2017 жылғы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 50 941 млн. теңгесі игерілді.

АҚ "Бәйтерек" ҰБХ "-тен Банкке 2016 жылғы 25 наурыздағы №120 несие шартына сәйкес қаражат сомасы 22 000 млн. теңге бөлінді, 01.02.2017 жылғы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 2 842 млн. теңгесі игерілді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз қызметі мен оның сапасын ұдайы жетілдіріп отырады. Банктің депозиттік бағдарламаларының жинақтау мерзімдері 3 жылдан 15 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Ал тұрғын үй заемын беру мерзімі — 6 жылдан 25 жылға дейін. Айта кететін жайт, мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне сыйлықақы төлеп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы ынталандырылатын салым сомасының 20% көлемінде (бірақ 200 АЕК-тен артық емес).

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері әрі 
серіктестерімен өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық тұрғыдан белсенді ел халқының кеңінен қамтылуына ұмтылады.

Банктің ұйымдастырушы құрылымына Алматы қаласындағы Орталық аппарат пен 17 аймақтық филиал кіреді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жалғыз акционері — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі».

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған.

Негізгі міндеті — жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. 2014 жылдың соңына қарағанда, Холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.
«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі — Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

МИССИЯСЫ
«Стратегия-2050» — де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету.

КЕЛЕШЕГІ
2023 жылғы Холдинг — Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, елдің экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ
Холдинг құрамына 11 еншілес ұйым енеді:
— 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын, 2015–2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы ірі жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвестициялауға және экспорттық қолдауға қатысушы даму институттары және ұлттық компаниялар: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «СК «КазЭкспортГарант» АҚ және «Мемлекеттік — жеке меншік әріптестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС;
— Инновациялық қызметті, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау жасаушы институттар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ;
— Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылыс жинақ саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысушы қаржылық ұйымдар мен ұлттық компаниялар: «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ.

«Бәйтерек» ҰБХ» ресми сайты — www.baiterek.gov.kz



АУДИТ

«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2014 жылғы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 14 750 000 (он төрт миллион жеті жүз елу мың) теңгені құрайды.

«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2015–2018 жылдар аралығындағы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 72 000 000 (жетпіс екі миллион) теңгені құрайды.



БАНК РЕЙТИНГІ

Халықаралық рейтингтік агенттік қазіргі уақытта Банкке төмендегі рейтингтерді меншіктеді.  

11.05.2016ж. Fitch Ratings кредит қорытындысына сәйкес

 Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолттық рейтингі (ЭДР) 

 BBB-

 «Тұрақты» болжамы 

 Ұлттық валютадағы қысқа мерзімід ЭДР

F3

 «Тұрақты» болжамы

 

27.04.2016ж. Moody’s кредит қорытындысына сәйкес

 Ұлттық валютадағы депозит бойынша ұзақ мерзімді рейтингі

 Baa3 

 «Жағымсыз» болжамы  

 Ұлттық валютадағы депозит бойынша қысқа мерзімді рейтингі  

P-3

 «Жағымсыз» болжамы

 


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІК

Еуропалық құрылыс жинақ кассасы федерациясы 
Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағы
Ынтымақтастық туралы меморандум

Халықаралық ұйымдарға мүшелік



ЛИЦЕНЗИЯ

Банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге

Көрсету




Статистика

2017 (жүктеу)
Мұрағат 2016 (жүктеу)
Мұрағат 2015 (жүктеу)

Сыртқы тексеру жөніндегі ақпарат

12.06.2016 жылғы жоспардан тыс тексеруді белгілеу туралы № 659 Акт негізінде "Алматы қаласы бойынша көші-қон және  еңбек инспекциясы мемлекеттік басқармасы" тарапынан 13.07.2016 ж.- 31.07.2016 ж. мерзімі аралығында еңбек заңнамасы талаптарын орындау мәселелері бойынша Банкте жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 28.07.2016 жылғы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жоспардан тыс тексеру Актіне сәйкес, тексеру қортындысы бойынша еңбек заңнамасы талаптарын бұзу байқалмады.

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің (әрі қарай – Есептік комитеті) 04.11.2016 ж. № 30-4-1-Т аудиторлық шараларды өткізуге тапсырмасы негізінде, 14.11.2016 ж. бастап  29.12.2016 ж. дейінгі кезеңде Республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын басқару және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізілді. Өткізілген аудит нәтижесі бойынша Аудиторлық есеп 29.12.2016 ж. ұсынылды.

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 30.11.2015 ж. № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржы бақылауын өткізу ережесіне сай, Есеп комитеті өткізген мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымнан және сипаттамадан тұратын Аудиторлық есеп негізінде құралатын құжат болып табылатын және Есеп комитетінің қаулысымен бекітілетін Аудиторлық тұжырым рәсімделеді.

Осы ақпаратты орналастыру кезінде Есеп комитетінің тарапынан аудит қорытындысы бойынша тиісті Аудиторлық тұжырым, Нұсқама және/немесе басқа да ақырғы құжат Банкке келіп түспеді.

Құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат

Көрсету

Ұйымдастырушылық құрылымы

Көрсету