Пул – бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және Банктің «Өз үйім» меншікті бағдарламасы аясында жаңа пәтерге заем алу мақсатында өткізілетін конкурс.
Ортақ баллды есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
ОБ = БК * ШС/1000 + ЖМ*10
Екі салымшының бір пулға өтінім беруі жағдайын қарастырып көрейік:
Бірінші салымшы үш жыл (36 ай) ішінде жинақтады, ай сайын депозитке жарна салып отырды, сондықтан 16 деген бағалау көрсеткішіне қол жеткізді. Шарттық соманың мөлшері - 10 млн тенге.
ОБ1 = 16 * 10 000 000/1000 + 36 * 10 = 160 360 балл
Екінші салымшы дәл солай жинақтап, депозитін ай сайын толықтырды, бірақ та үш жыл емес, бес жыл (50 ай) жинақтаған, сәйкесінше оның бағалау көрсеткіші жоғары - 25. Бұл жағдайда да шарттық соманың мөлшері дәл сол 10 млн теңгені құрайды.
ОБ2 = 25 * 10 000 000/1000 + 50 * 10 = 250 500 балл
Нәтижесінде, Отбасы банкіндегі заем алу кезегінің тізімін жасағанда екінші салымшы бірінші салымшыға қарағанда үлкен басымдыққа ие болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!