Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

Банк сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударады және өз қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік көрсетеді. Бұл бағыттағы қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына қатаң сәйкестікте тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Банкте ішкі құжаттар әзірленді және бекітілді, олардың шеңберінде рәсімдер мен бақылаулар енгізілді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тексерулер мен тергеулер жүргізу тәртібі көзделеді.
Банк алған білімдерін міндетті түрде тестілей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша банк қызметкерлерін үнемі ішкі оқытуды жүргізеді.
Қауіпсіздік бөлімшесі және комплаенс-бақылау бөлімшесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу және алдын алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелер болып табылады.
Банкте банк қызметкерлері мен консультанттары тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар туралы құпия ақпарат алу құралы болып табылатын жедел желі жұмыс істейді.
Банктің барлық қызметкерлері және азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банкке қызмет көрсететін жеке тұлғалар атқаратын лауазымына қарамастан, өздеріне белгілі банктегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өзінің тікелей басшыларына не қауіпсіздік бөлімшесіне немесе сенім телефоны бойынша құпия түрде хабарлау міндеті туралы ескертілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында банкте іс-шаралар кешені өткізіледі, олардың түпкі нәтижесі сыбайлас жемқорлық қызметін болдырмау болып табылады.

"Отбасы банк" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

«Отбасы банк» АҚ Комплаенс-бақылау басқармасы туралы ережеден үзінділер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметке қатысты)

Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық мәселесі бойынша: +7 (727) 330-94-82 / эл. пошта: [email protected]

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
«Отбасы Банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 2024 жылғы
НӘТИЖЕЛЕРІ

"Отбасы банк" АҚ Адам ресурстарын және ұйымдастыру қызметін басқару департаментінің кадрлық әкімшілендіру және сыйақы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

"Отбасы банк" АҚ Адам ресурстарын және ұйымдастыру қызметін басқару департаментінің кадрлық әкімшілендіру және сыйақы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
«Отбасы Банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 2023 жылғы
НӘТИЖЕЛЕРІ

«Отбасы банк» АҚ Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша Талдамалық анықтамасы

«Отбасы банк» АҚ-ның Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жүргізілуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемкорлык тауекелдерин ишки талдау натижелери бойынша ис-шаралар жоспарынын орындалу бойынша акпарат

2020 жылғы 12 ай бойынша «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың
НӘТИЖЕЛЕРІ 

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Банк Басқармасының 2016 жылғы 17 маусымдағы бекітілген шешімімен (отырыстың № 140 хаттамасы) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаларына және «Отбасы банк» АҚ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Банк Басқармасы Төрайымының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 188 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, Банк қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Банктің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Банктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау бұйрыққа сәйкес құрылған жұмыс тобының күшімен жүргізілді.

1. Банктің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, Банктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Банктің 260 ішкі құжатына талдау жүргізілді.

Банктің 9 ішкі құжаты бойынша ішкі құжаттарды талдау шеңберінде әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жекелеген нормалар анықталды.

Ішкі құжаттарға және белгіленген ескертулерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын факторларды барынша азайту мақсатында банктің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.

2. Банктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Банктің ұйымдастыру-басқару қызметінде талданып отырған кезеңде қызметтің төмендегі бағыттары талданған:

1. Қызметкерлерді басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы: қызметкерлерді басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, анықталған жоқ.
2. Мүдделер қақтығысын реттеу: мүдделер қақтығысын реттеу шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету: Банк мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді.
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: Банк рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
5. Бақылау функцияларын іске асыру: Банк бақылау функцияларын орындамайды.
6. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Банктің ұйымдастыру-басқару қызметін талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар берілді:

1. Банктің ішкі құжаттарында орта буын басшылары мен желілік басшыларды қоспағанда, Банктің біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, орталық аппарат қызметкерлерінің бос лауазымдарына үміткерлерді қарастыру тәртібін регламенттеу;
2. Банктің ішкі құжаттарында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымдарға теңестірілген лауазымдарға үміткерлердің осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы банк басшылығына жазбаша нысанда хабарлау міндетін регламенттеу;
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ықтимал туындататын факторларды мүмкіндігінше азайту мақсатында іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралар мен мерзімдерге сәйкес Банктің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
4. Банк жасасатын сатып алу шарттарына шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын міндетті сақтауын көздейтін ережелердің енгізілуін көздеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша барлық ұсыныстар орындалды.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру