Азия даму банкімен ынтымақтастық шеңберіндегі «Ұмай» | Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Азия даму банкімен ынтымақтастық шеңберіндегі «Ұмай»

Азия даму банкімен ынтымақтастық шеңберіндегі «Ұмай»

Қарыз алушыға қойылатын талаптар

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары — әйелдер қатыса алады, олардың отбасының ай сайынғы таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.

Қарыздың нысаналы мақсаты

  • бастапқы тұрғын үйді 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген және құрылыс кезеңіндегі тұрғын үйді, оның ішінде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі бар үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алу. Тұрғын үйді таңдау, брондау және сатып алу otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады;
  • 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алу;
  • қарыз алушы тұратын тұрғын үйді жөндеу.

Бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге бір мезгілде қарыз алуға жол беріледі.

Кредиттеу шарттары

Бастапқы жарна:
0%-дан 50%-ға дейін.

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:

Қарыз сомасының 50%-ын жинақтағаннан кейін қарыз бойынша мөлшерлемені төмендету:
жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 5%-ға дейін (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін).

Қарыздың ең жоғары сомасы:
Тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге — 50 млн теңгеге дейін, бірақ мынадай мөлшерден аспайды:
• Астана және Алматы қалаларында — тұрғын үй құнының 80%-на дейін, ал Астана және Алматы қалаларынан тыс жерлерде — 85%-на дейін, бұл ретте сатып алу-сату шартында көрсетілген тұрғын үй құны мен оның бағалау құнының төменгі мөлшері негізге алынады;
• тұрғын үйді жөндеуге — 15 млн теңгеге дейін, бірақ кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 60%-ынан аспайды.

Кредиттеудің жалпы мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін.

Сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар

  • Жеке тұрғын үй немесе пәтер.
  • Қарыз алушы сатып алынған/жөнделетін тұрғын үйде тұруы тиіс.
  • Тұрғын үй құрылыс кезеңінде сатып алынған жағдайда, онда тұруы тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін расталады.
  • Сатып алынатын тұрғын үйге меншік құқығы қарыз алушының атына тіркелуі тиіс.
  • Тұрғын үйді ортақ бірлескен меншікке рәсімдеген кезде, ол барлық меншік иелерінің атына тіркелуі тиіс.
  • Бұл ретте барлық меншік иелері Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары болуы және Азия даму банкімен жасалған келісімнің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Қарыз алушының міндеттемелерін орындамауы жағдайында

Қарыз алушы Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Банк:

  1. Шарттың талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшалай қаражаттарына өндіріп алуды қолдануға;
  3. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге;
  4. Шарт бойынша қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сот органдарына жүгінуге құқылы.
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру