Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Стратегия

Даму стратегиясы

"Отбасы банк" АҚ-ның 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) "Қазақстанның Отбасы банкі" АҚ (бұдан әрі - Банк) Директорлар кеңесінің 24.12.2021 жылғы шешімімен (№14 отырыс хаттамасы) жаңа редакцияда бекітілді.

Банктің Даму стратегиясын өзектендіру қажеттілігі төмендегі себептерге байланысты:

1) Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 11.05.2020 жылғы отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын - "Отбасы банк"-ті құруды тапсырды;

2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамынан» "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына" өзгертуге байланысты Банкті қайта тіркеу;

3) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 07.10.2021 жылғы №670 Жарлығымен "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" Ұлттық жоспарын бекіту;

4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын өзектендіру;

5) Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін нақтылау;

6) қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, Банкті дамытудың ұзақ мерзімді көрсеткіштері мен бағыттарын нақтылау қажеттілігі.

Құрылымы мен баяндау пішімі бойынша Даму стратегиясы даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік және халықаралық әдіснамалық ұсынымдарға, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының даму стратегияларын әзірлеу, келісу, бекіту, мониторингілеу және өзектендіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес келеді.

Миссия

Банктің миссиясы Банктің мақсатын, оның жайғастырылуын көрсетеді және қоғам үшін де, жалпы мемлекет үшін де Банк қызметінің стратегиялық мәнін айқындайды. Банктің миссиясы:

"Қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отан сезімін нығайту".

Пайымдау

Банктің осы пайымы бизнесті дамыту бағытын және ұзақ мерзімді болашақта күтілетін жай-күйді білдіреді:

"Біз 2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің қағидаттарын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысатын, халықтың кең ауқымын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін банк".

Стратегиялық мақсаттар

2023 жылдың соңына арналған стратегиялық мақсаттар:

- ТҚЖ жүйесіне қатысушылардың үлесін экономикалық белсенді халыққа шаққанда 25%-ға дейін арттыру;

- озық технологияларды енгізу және банк қызметін автоматтандыру арқылы клиенттерге online қызмет көрсету бойынша операциялардың 100%-ын аудару;

- клиенттердің қанағаттану деңгейін (CSI) 2023 жылға дейін онлайнға ауыстыруға жоспарланған операцияларға қатысты 4,7 деңгейінде ұстап тұру.

Негізгі міндеттер, оларды Банк өз миссиясын іске асыру шеңберінде шешеді:

1-міндет.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

2-міндет.
Ең үздік клиенттік қызметті ұсыну.

3-міндет.
Банктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

"ОТБАСЫ БАНК« АҚ-ның 2024-2033 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ


Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру