Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Региональная Программа кредитования молодежи «Маңғыстау жастары»  (мангистауская область) на 2024 год

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ)

Бағдарлама аяқталды

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс және оларда соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншікті немесе сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі болмауы тиіс
  • «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қатысушының (оның ішінде жұбайының) жасы 18-ден 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс. Негізгі қатысушы ретінде Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Қатысушының соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысында тұрақты тіркелуі, сондай-ақ өтініш берген сәтте Маңғыстау облысында онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының және т.б.) тұрақты тіркелуі болуы тиіс.
  • Соңғы 6 айдағы табыс отбасының 1 мүшесіне шаққанда 150 098 теңгеден аспауы тиіс (күнкөріс минимумы 3,7 бағдарламалық коэффициентіне көбейтіледі) (1 КМ – 40 567 теңге) міндетті аударымдарды шегергенде;
  • Қатысушының төменде көрсетілген салалар бойынша ресми жұмыс өтілі (міндетті зейнетақы аударымдары бар) Маңғыстау облысында кемінде 1 жыл болуы тиіс;
  • Қатысушы осы бағдарлама аясында сатып алынған тұрғын үйді тек тіркелген мекенжайы бойынша ала алады.
  • Бағдарламаға келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатысады:
    • Денсаулық сақтау қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар Маңғыстау облысының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері.
    • Білім беру және ғылым саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар Маңғыстау облысының мемлекеттік білім беру ұйымының педагог қызметкерлері, мемлекет 100% қатысатын жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.
    • Мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан мәдениет саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.
    • Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының бейінді қызметкерлері.
    • Спорт және дене шынықтыру саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.
    • Бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпараттық саланың қызметкерлері, атап айтқанда, бейіндік қызметпен тікелей айналысатын мемлекет 100% қатысатын ұйымдардың журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдары саласының штаттық қызметкерлері (журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, орналасушылар, редакторлар, режиссерлер, дыбыс инженерлері, телерадио хабарларын таратудың жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторлары, телекоммуникация монтажшылары, контент-менеджер, жарықтандырушы, веб-дизайнерлер, медиа-жоспарлау менеджері, медиа-талдаушы).
    • Әлеуметтік сала қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысының халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік жастар саясаты, қоғамдық даму, дін саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер.
    • Маңғыстау облысының коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, акционерлік қоғам, мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғам).
    • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, атап айтқанда өрт-құтқару жасақтары.
    • Сондай-ақ жоғарыда аталған салада жұмыс істеген бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер. Осы санатта қатысушы үшінші тұлғаны (жақын туыстарын) қосалқы қарыз алушы ретінде тарта алады.

Кредит беру шарттары

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – Ақтау қ. үшін – 15 млн.теңге, Маңғыстау облысы үшін – 13 млн. теңге;

  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы.

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% жылдық 5% (ГЭСВ от 5,2% до 5,7%);

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

  • Алдын ала қарыз мерзімі – 19 жылды қоса алғанда;


ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру