Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

СЫР ЖАСТАРЫ

 Cannot find 'city_list' template with page ''
ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Сыр жастары

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
  • Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш берген күнге, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (болған жағдайда). Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде ерлі зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Қатысушының соңғы 2 жылда Қызылорда облысында тұрақты тіркеуде болуы шарт, сонымен бірге ұсыным берген уақытта оның өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жары, кәмелетке толмаған балалары, т.б.) Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығындағы, сондай-ақ соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларының қасақана нашарлату фактілерінің болмауы, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі немесе жалға берілетін тұрғын үйі болмауы, мыналарды қоспағанда: мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған: бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде кәмелетке толғанға дейін сатып алған жылжымайтын мүлік;
  • Қосымша Қызылорда облысында тіркелген, кемінде бір жыл жұмыс істейтін жеке кәсіпкер.
  • Қатысушының ресми жұмыс өтілі таңдаған санатына сәйкес кемінде 6 айды құрауы тиіс:
    • • Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері: мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, мемлекеттік коммуналдық мекемелердің қызметкерлері (құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардан басқа).
    • • Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері: мәдениет саласындағы шығармашылық одақтың мүшелері, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметкерлері: жас композиторлар, жас музыканттар, жас әртіс-актерлер, жас кинематографистер, режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер, суретші-декораторлар,жас жазушылар, жас суретшілер, жас қолөнершілер, жас мүсіншілер, жас дизайнерлер, жас сәулетшілер. Қызылорда облысының спорт саласындағы ұйымдарда еңбек етіп жүрген спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар.
    • • Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ қызметкерлері: жоғары оқу орындарының, қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.
    • • Журналистер, атап айтқанда: тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері.
    • • «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына сәйкес Ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың Қызылорда филиалының қызметкерлері;
    • • Екінші деңгейдегі банк филиалдарының қызметкерлері.
    • • Жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда жеке мекемелерде, қоғамдық және волонтерлік ұйымдарда қызмет атқаратын жастар.
    • • Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері. Соның ішінде, ауылдық жерде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы санатына кірмейтін сала қызметкерлері.
    • • Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi, соның ішінде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, т.б.;
    • • Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері (сантехник, слесарь, машинист және тағы да басқа мамандықтар бойынша қызметкерлер).

Бағдарламаға қатысушылардың бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру әкімдіктің құзырында.

Балл есептеу тәртібі:

Өлшемі

Балл

1

Тіркелген некенің әр жылы үшін

1

2

1 (бір) баласы бар

1

3

Әр келесі бала үшін

2

4

Қызылорда облысының мекемелерінде әр жылдағы жұмыс өтіліне байланысты

1,5

5

«Отбасы банкі» АҚ бастапқы 5% жарнасы бойынша

2


Өтініш берушілерде балл тең болған кезде өтінішті бірінші болып ұсынған қатысушы басымдыққа ие болады.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы:
    20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының:
    10%-ы.
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
    жылдық 6 % (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін);
  • Қарыз мерзімі :
    19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты:
    «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру