«Алатау» жастарды несиелеу бағдарламасы | Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«АЛАТАУ» ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«АЛАТАУ» ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар.

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Қазақстан Республикасы азамттығының болуы.
  • Өтініш беру сәтінде қатысушының жасы 18 бен 60 жас аралығында (қоса алғанда) болуы тиіс, өтініш беру күніне, жұбайының (болған жағдайда) жасына қарамастан.
  • Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйге меншік құқығында, оның ішінде ортақ бірлескен меншікте, ортақ бірлескен (үлестік) меншікті құрайтын үлестік меншіктегі үлестің және өтінім беру сәтінде соңғы 24 ай ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы.
  • Егер бағдарламаға қатысушы – ерлі-зайыпты жұп болса, өтінішті тек жұбайлардың бірі ғана бере алады.
  • Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері мен БАҚ қызметкерлерінің ресми еңбек өтілі міндетті зейнетақы жарналары болған жағдайда соңғы 24 айдан кем болмауы тиіс.
  • Қатысу келесі санаттар бойынша жүргізіледі:
    • Денсаулық сақтау – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жататын мемлекеттік коммуналдық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Білім беру – Алматы облысының білім басқармасына жататын мемлекеттік коммуналдық ұйымдардың штаттық қызметкерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Мәдениет – Алматы облысының мәдениет басқармасына жататын мемлекеттік коммуналдық ұйымдардың штаттық қызметкерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Спорт – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жататын мекемелердің мемлекеттік коммуналдық ұйымдарының штаттық қызметкерлері, өтініш беру сәтіндегі соңғы 4 жылдағы әлем чемпионаттарының, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Энергетика және коммуналдық шаруашылық – Алматы облысының мемлекеттік коммуналдық ұйымдары мен мекемелерінің штаттық қызметкерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Әлеуметтік сала – Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жататын мемлекеттік коммуналдық ұйымдардың штаттық қызметкерлері (техникалық персоналды қоспағанда);
    • Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері (күш құрылымдары мен Техникалық персоналдың қызметшілерін қоспағанда);
    • БАҚ – блогерлер, YouTube-арналардың иелері, интернет-беттердің және өзге де жеке медиа алаңдардың авторлары ретінде қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, Алматы облысында тікелей бейіндік қызметпен айналысатын БАҚ қызметкерлері (журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс режиссерлері, телерадио жүргізушілері, аудио-бейне операторлары), сондай-ақ жеке агенттіктердің өкілдері және БАҚ техникалық қызметкерлері.

Бағдарламаға қатысушы өтініш берген күнгі жұмыс орнына сәйкес келетін тек бір ғана санатқа жатқызылады.

Балдарды есептеу тәртібі

№ Критерий Ұпайлар
1 Тіркелген неке (оның ішінде жесірлер жесірлер) 2
2 Бір бала (әрбір келесі үшін +1 ұпай) 2
3 2 жылдан бастап жұмыс тәжірибесі (әрбір келесі жыл үшін +1 баллдан 5 жылға дейін) 2
4 Мемлекеттік қызметшілер 5
5 Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және БАҚ қызметкерлері 3
6 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, оның ішінде асырап алынған және қорғаншылықта (қамқоршылықта) жүрген балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (әрбір келесі балл үшін +1 балл) 1
7 Өтініш берген кезде соңғы 4 жылдағы әлем чемпионаттарының, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы мәртебесін ресми растау (диплом, марапат, жарысқа қатысу хаттамасы) 7
8 Әлем чемпионатының, Азия чемпионаттарының, Азия ойындарының (паралимпиадашыларды қоса алғанда) жүлдегері мәртебесін ресми растау II, III орын беру және өтініш беру сәтінде соңғы үш жылда (диплом, марапат, жарысқа қатысу хаттамасы) 3


Бағдарламаға қатысушылардың қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру әкімдікке жүктеледі.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы :
    30 000 000 (отыз миллион) теңге;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
    жылдық 5 (бес) % (ЖТСМ 5,2 % бастап 5,7 % дейін);

  • Алдын ала қарыз мерзімі:
    19 жылды қоса алғанда;

  • Бастапқы жарна:
    қарыз сомасының 10%-ы.

  • Қарыздың нысаналы мақсаты:
    «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру