«ҚЫЗЫЛЖАР ЖАСТАРЫ» КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қызылжар жастары

«ҚЫЗЫЛЖАР ЖАСТАРЫ» КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Кредит беру шарттары:

  • Қарыз сомасы – қарыздың ең жоғары сомасы Петропал қ. – 15 000 000 (он бес миллион) теңге, Солтүстік Қазақстан облысының басқа аймақтарында – 10 000 000 (он миллион) теңге;

  • Бастапқы жарна: алдын ала тұрғын үй қарызы - қарыз сомасының 10% (он пайыз); аралық тұрғын үй қарызы - қарыз сомасының кемінде 50%-ы;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6% (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін) ;

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

  • Алдын ала қарыз мерзімі – 19 жылды қоса алғанда;

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандардың барлық қызмет салаларының 35 жасқа дейінгі жас мамандары.
  • Соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы.
  • Міндетті зейнетақы жарналарымен расталған тұрғын үй сатып алынатын қала немесе аудан аумағында жұмыс өтілінің болуы.
  • Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы, бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде.
  • Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, жасына қарай үлкен қатысушыға басымдылық беріледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жас мамандарды несиелендіруге келесі қызмет бағыттары қатыса алады:

  • Денсаулық сақтау саласы, атап айтқанда: Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері;
  • Ветеринария саласы, атап айтқанда: Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының (оның ішінде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Акционерлік қоғам және мемлекеттің 100% қатысуымен Коммерциялық емес акционерлік қоғам) қызметкерлері;
  • Әлеуметтік саласы, атап айтқанда: Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
  • Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Мәдениет саласының қызметкерлері;
  • Спорт саласы, атап айтқанда; Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Мемлекеттік қалалық, аудандық және республикалық ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спорт, спорт саласының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушы-оқытушылар;
  • Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы, атап айтқанда өрт-құтқару жасақтары;
  • Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, энергетикалық саласының қызметкерлері;
  • Теологтар, атап айтқанда: Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген дін саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда (оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам және мемлекеттің 100% қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам) жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
  • Сондай-ақ, жоғарыда аталған салаларда жұмыс істеген бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер бағдарламаға қатыса алады. Осы санатта қатысушы үшінші тұлғаны қарыз алушы ретінде (жақын туыстары) ретінде тарта алады.

Қатысушыларды таңдау Қатысушыларды іріктеу критерийлері келесі балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:



Талаптар Ұпай
1 Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін (оның ішінде жесірлер) 1
2 Әрбір бала үшін, оның ішінде асырап алынған бала үшін 1
3 Әлеуметтік-бағдарланған салалардың қызметкерлері (оның ішінде ведомстволық бағынысты, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері) және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері 1 жыл - 2
4 Солтүстік Қазақстан облысының қалған салаларындағы қызметкерлер 1 жыл - 1
5 Отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуы (әрқайсысы үшін) 1
6 «Отбасы Банкі» АҚ жинақтау тарихы 1
7 Жетім балалар санаты бойынша кезекте болуы 1
8 «Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұру 1
9 Жетім балалар, толық емес отбасы санаттарын қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қоюға құқығының жоқтығы туралы растау 1
10 Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы мамандығының Петропавл қаласының жергілікті өкілді органы бекіткен тапшы мамандықтар тізбесіне сәйкес болуы 1
11 Өткен жылдарда «Қызылжар жастары» бағдарламасына қатысу (қатысқан әрбір жыл үшін бір ұпай) 1
№ 1
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін (оның ішінде жесірлер)
№ 2
Әрбір бала үшін, оның ішінде асырап алынған бала үшін
№ 3
Әлеуметтік-бағдарланған салалардың қызметкерлері (оның ішінде ведомстволық бағынысты, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері) және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері
№ 4
Солтүстік Қазақстан облысының қалған салаларындағы қызметкерлер
№ 5
Отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуы (әрқайсысы үшін)
№ 6
«Отбасы Банкі» АҚ жинақтау тарихы
№ 7
Жетім балалар санаты бойынша кезекте болуы
№ 8
«Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұру
№ 9
Жетім балалар, толық емес отбасы санаттарын қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қоюға құқығының жоқтығы туралы растау
№ 10
Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы мамандығының Петропавл қаласының жергілікті өкілді органы бекіткен тапшы мамандықтар тізбесіне сәйкес болуы
№ 11
Өткен жылдарда «Қызылжар жастары» бағдарламасына қатысу (қатысқан әрбір жыл үшін бір ұпай)


Бағдарламаға қатысушыларды Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптардың тармақтарының сәйкестігін тексеру Әкімдікке жүктеледі.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру