Алматы жастары бағдарлам | Отбасы банк
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы Жастары

Алматы жастары

 
ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
"Алматы ЖАСТАРЫ" бағдарламасы
НЕСИЕНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
Денсаулық сақтау, Білім беру, Мәдениет, Спорт, ЖОО және ҒЗИ, Журналистер, Әлеуметтік сала, Құқық қорғау органдары, Коммуналдық қызметтер қызмет салалары үшін сатып алынатын тұрғын үй - Алматы қаласындағы бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген/салынып жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған кезде:
• Көп пәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес;
• көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;

«Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары үшін сатып алынатын тұрғын үй - Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген/салынып жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған кезде:
• Көп пәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес;
• көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;
• жер учаскесі бар пәтер;
• жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;
Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз*
*Несиенің ең жоғарғы сомасы мен таңдалған тұрғын үй құнының арасындағы айырмашылықты бағдарлама қатысушысы өзі өтейді.
Бастапқы жарна – Қарыз сомасының 10%;
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
Кредиттің ең көп мерзімі - 19 жылға дейін;
Заемның ең жоғарғы сомасы – 20 млн тг. дейін;
Қатысушыға қойылатын талаптар

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;

2) өтінім берген сәтте өтініш иесінің Алматы қаласында кемінде 1 (бір) жыл тұрақты тіркеуі және жұбайының тұрақты тіркеуі болуы тиіс - «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда;

3) өтініш берген сәтте қатысушының жасы 35-ке дейін (жұбайының жасына қарамастан) – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде жұбайының біреуі ғана қатыса алады;

4) қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмауы, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатудың болмауы, соның ішінде жалпы бірлескен меншік, басқа отбасы мүшелерінің жалпы бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншік немесе сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында алынған, қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін алынған мүліктегі үлесін қоспағанда;

5) Алматы қаласында қатысушының соңғы 6 ай ішінде келесі салаларда міндетті зейнетақы аударымдары арқылы жұмыс өтілі болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ҒЗИ), журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және Алматы қаласының коммуналдық қызметтері – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда;

Қосымша (бар болса) Алматы қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері үшін (қолданыстағы жеке кәсіпкер – ЖК), бір жылдан кем емес мерзімге (бұл талап мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға қатысты: мүсіншілер, суретшілер, дизайнерлер, жазушылар, композиторлар және т.б.);

6) Жалдамалы тұрғын үйді жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер үшін қарызының болмауы – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары үшін.

7) Жолдамаларды қайта беру тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
• Банктің негізделген хаты болған жағдайда;
• Қатысушының Басқармаға жазбаша өтініші және медициналық мекемеден стационарлық емделгені туралы анықтама болған жағдайда;
• Қатысушының Басқармаға жазбаша өтініші және жұмыс орнынан іссапарға жіберу туралы бұйрық пен іссапар куәлігі, сондай-ақ ұшу және теміржол билеттерінің келу-кету құжаттары болған жағдайда;
• «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушысы жолдаманың қолданылу мерзімі өткеннен кейін Басқармаға жүгінген жағдайда.

8) Бағдарламаға қатысушы сатып алатын және кепіл нысаны болып табылатын тұрғын үйді үшінші тұлғаларға жалға (жалдауға) беруге тыйым салынады.

9) Қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары аясында 1 (бір) тұрғын үйден (үлестен) артық сатып алуға жол берілмейді. Аталған талаптар бұзылған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес мұқтаж азаматтар есебінен кезектен шығарады.

10) Өтініштің мәртебесін жеке кабинет арқылы, сондай-ақ сайттағы өтініштер тізімінен өз бетінше бақылау қажет.

Тізімге енгізу кезектілігі салалар бойынша жиналған ұпайлар санына байланысты анықталады (ең көп ұпайлар саны бойынша). Ұпайлары тең болған жағдайда жасы үлкен қатысушыға, сондай-ақ өтінім мен құжаттарды ертерек тапсырған тұлғаларға басымдық қарастырылады.

Алматы қаласының келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатысады:

1. денсаулық сақтау, атап айтқанда: Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық ұйымдар/мекемелердің және республикалық ұйымдар/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда;

2. білім беру саласы, атап айтқанда: Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық ұйымдар/мекемелердің және республикалық ұйымдар/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда;

3. мәдениет, атап айтқанда: Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық ұйымдар/мекемелердің және республикалық ұйымдар/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерден басқа, және Қазақстан мәдениеті саласындағы 10 (он) шығармашылық одақтардың мүшелері (Жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Суретшілер одағы, Жас суретшілер одағы, Дизайнерлер одағы, Театр қайраткерлері одағы, Архитекторлар одағы, Кинематографистер одағы, Музыка қайраткерлері одағы және Шеберлер одағы) сондай-ақ, Алматы қаласының Мәдениет басқармасынан тиісті анықтамасы бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының қатысушылары;

4. спорт, атап айтқанда: Алматы қаласының Спорт басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық ұйымдардың/мекемелердің және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерден басқа;

5. ЖОО және ҒЗИ, атап айтқанда: ұлттық ЖОО-ның штаттық қызметкерлері, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік коммуналдық және республикалық кәсіпорындардың/мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ зертханалардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілерден басқа;

6. журналистер, атап айтқанда: бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері;

7. әлеуметтік сала, атап айтқанда: «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» КММ штаттық қызметкерлері, «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Сенім» қызмет көрсету орталығы» КММ, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Аяла» қызмет көрсету орталығы» КММ, «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Пана» әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ, «Қамқор» әлеуметтік үйі» КММ, «Жансая» дағдарыс орталығы» КММ, Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ және Алматы қаласы аудан әкімдіктеріне қарасты әлеуметтік қызметкерлер;

8. құқық қорғау органдары, атап айтқанда: ҚР ІІМ штаттық қызметкерлері (Алматы қаласының Полиция департаменті, Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясы), Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласының Прокуратурасы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;

9. Алматы қаласының коммуналдық қызметтері, атап айтқанда: «Алматы Су» ШЖҚ МКК, «Алматықалажарық» ШЖҚ МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алматыжылужайэнерго» ЖШС, «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК, «Алматы қаласының құтқару қызметі» ШЖҚ МКК, Алматының ЖЭО-2, «Алматы-электротранс» ЖШС, «Алматы қаласының шаруашылық басқармасы» ЖШС, «Метрополитен» ШЖҚ МКК, «Алматы паркинг» ШЖҚ МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Алматы тұрғын үй» ЖШС штаттық қызметкерлері;

10. «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары.

ӨТІНІШ ПЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ПОРТАЛДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ: https://almaty-jastary.kezekte.kz/kz/start-almatyjastary/
Денсаулық сақтау саласы
Білім беру саласы
Мәдениет саласы
Спорт саласы
Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ саласы
БАҚ саласы
Әлеуметтік сала
Құқық қорғау органдары
"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары (2019-2024 жж.)
Алматы қаласының коммуналдық қызметтері, атап айтқанда: "Алматы Су" ШЖҚ МКК, "Алматықалажарық" ШЖҚ МКК, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "Алматыжылужайэнерго" ЖШС, "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК, "Алматы қаласының Құтқару қызметі" ШЖҚ МКК, Алматы ЖЭО-2, "Алматы-электротранс" ЖШС, "Алматы қаласының шаруашылық басқармасы" ЖШС, "Метрополитен" КМК штаттық қызметкерлері, «Алматы паркинг» ШЖҚ МКК және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.

Өтініш берушілерде баллдар тең болған кезде өтініш пен құжаттарды беру күні мен уақыты ертерек қатысушылар басымдыққа ие болады.

ҰПАЙЛАР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Өтініш берушілердің тізімі балдық жүйені ескере отырып (ең көп балл саны бойынша) салалар бойынша қалыптастырылады:

КРИТЕРИЙЛЕР БАЛЛ
Алматы қаласындағы осы саладағы әрбір жылдық еңбек өтілі үшін («Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда) 2
Тіркелген некенің әр жылы үшін 1
Әр бала үшін 1
Халықтың әлеуметтік осал топтары ХӘОТ жататыны үшін 5
Өтініш берген сәтте «Отбасы банк» АҚ-да кемінде 10% мөлшерінде депозиттің болғаны үшін 1
«Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасына қатысушыларға 5
Қатысушының немесе оның жұбайының Қазақстан Қарулы Күштерінде кемінде 1 (бір) жыл қызмет етуі үшін (расталған  жағдайда) 2

* ХӘОТ - «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары.

Өтінімдерді қабылдау туралы ақпаратты
порталдан қараңыз https://almaty-jastary.kezekte.kz/kz/start-almatyjastary/

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАРҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:
НӨМІР МЕКЕМЕ
+7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 Тұрғын үй басқармасы және
Алматы қаласының тұрғын үй инспекциясы
300 "Отбасы банк" АҚ Call-орталығы

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру