ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ

ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ

ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ ЖАСТАРҒА КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ)

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

  • Қазақстан Республикасының Азаматтығы.
  • Жасы - Бағдарламаға қатысушының жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, (бар болса) Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте 35 жасқа дейін (қоса алғанда). Бағдарламаға Бағдарламаның негізгі Қатысушысы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Бағдарламаға қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі - соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай.
  • Бағдарламаға қатысушының «Отбасы банк» АҚ-да шоттағы бастапқы жарна сомасының қалдығы өтінім беру сәтіндегі қарыз сомасының кемінде 5% мөлшерінде жинақ шотының болуы.
  • Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлескен ортақ үлестік меншік) болмауы.
  • Бағдарламаға қатысушының сайтта өтінім беру кезінде таңдалған Жамбыл облысының аумағындағы елді мекеннен (қаладан/ауданнан) ғана тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.
  • Бағдарламаға төмендегі қызмет салаларында жұмыс істейтіндер қатысады:
    • Денсаулық сақтау – Жамбыл облысында орналасқан Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін бейінді денсаулық сақтау қызметкерлері;
    • Білім беру - Жамбыл облысында орналасқан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері;
    • Мәдениет – Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың) және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) негізгі салаларының қызметкерлері;
    • Спорт – Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда) және мемлекеттік емес (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін жаттықтырушылар (оқытушылар);
    • Дін – Жамбыл облысында орналасқан Діндер проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері;
    • Журналистика - Жамбыл облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті тілшілері.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 15 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының: 5%-ы;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі : жылдық 5%
  • Қарыз мерзімі:19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру