Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы Жастары

Алматы жастары

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
"Алматы ЖАСТАРЫ" бағдарламасы
НЕСИЕНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
Сатып алынатын тұрғын үй - Алматы қаласындағы бастапқы/қайталама нарықтардағы, пайдалануға берілген/салынып жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған кезде:
• Көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлес;
• көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;
• жер учаскесі бар пәтер;
Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз*
*Несиенің ең жоғарғы сомасы мен таңдалған тұрғын үй құнының арасындағы айырмашылықты бағдарлама қатысушысы өзі өтейді.
Бастапқы жарна – Қарыз сомасының 10%;
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
Кредиттің ең көп мерзімі - 19 жылға дейін;
Заемның ең жоғарғы сомасы – 18 млн тг. дейін;
Қатысушыға қойылатын талаптар
  • ҚР азаматтығы;
  • Бағдарламаға қатысушының жұбайының (зайыбының) (болған жағдайда) жасына қарамастан Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте жасы 35-ке дейін.
  • Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Үміткерде бағдарламаның және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларының қасақана нашарлау фактілерінің, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктің, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің немесе сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы жылжымайтын мүліктегі үлесті қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған, бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері Кәмелетке толғанға дейін алған және жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй (берілген тұрғын үйден бас тарту туралы өтініш болған жағдайда);
  • Алматы қаласында қатысушының соңғы 6 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі, келесі салаларда міндетті зейнетақы аударымдары болуы тиіс: Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, және құқық қорғау органдары, және Алматы қаласының коммуналдық қызметтері. (толығырақ: https://almaty-zhastary2024.kz/ )
  • Алматы қаласында тіркелген, кемінде бір жыл мерзімге жұмыс істейтін ЖК қосымша (бар болса) (бұл талап Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларына қатысты).
  • Өтініш берушіде және өтініш берушінің отбасы мүшелерінде өтінім берген сәтте Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болуы (14 жасқа дейінгі балалардың тіркелуі талап етілмейді).
  • Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысушылар үшін - тұрудың барлық кезеңі үшін жалдау ақысы және коммуналдық қызметтер бойынша берешектің болмауы.
  • Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысушылар үшін – жинақ шоттарында (депозиттерде) бастапқы жарнаның болуы – 10%.
  • Бағдарламаға қатысушы сатып алатын, кепілмен қамтамасыз ету объектісі болып табылатын тұрғын үйді үшінші тұлғаларға жалға (жалдауға) беруге тыйым салынады.
  • Қатысушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының) кәмелетке толмаған балаларының) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік жеңілдікті кредит беру бағдарламалары шеңберінде 1 (бір) тұрғын үй бірлігінен (үлесінен) артық сатып алуына жол берілмейді.
ӨТІНІШ ПЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ПОРТАЛДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ: https://almaty-zhastary2024.kz/
"АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ" ЖЕҢІЛДІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Нысандары Алматы қаласында орналасқан келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатыса алады:

Денсаулық сақтау саласы
Білім беру саласы
Мәдениет саласы
Спорт саласы
Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ саласы
БАҚ саласы
Әлеуметтік сала
Құқық қорғау органдары
"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары (2019 жылғы желтоқсан)
Алматы қаласының коммуналдық қызметтері, атап айтқанда: "Алматы Су" ШЖҚ МКК, "Алматықалажарық" ШЖҚ МКК, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "Алматыжылужайэнерго" ЖШС, "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК, "Алматы қаласының Құтқару қызметі" ШЖҚ МКК, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС, Алматы ЖЭО-2, "Алматыэлектротранс" ЖШС, "Алматы қаласының шаруашылық басқармасы" ЖШС және "Метрополитен" КМК штаттық қызметкерлері.

Өтініш берушілерде баллдар тең болған кезде өтініш пен құжаттарды беру күні мен уақыты ертерек қатысушылар басымдыққа ие болады.

ҰПАЙЛАР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Өтініш берушілердің тізімі балдық жүйені ескере отырып (ең көп балл саны бойынша) Санаттар (салалар)бойынша қалыптастырылады:

ТАЛАПТАР ҰПАЙ
Тіркелген некеде әр жыл үшін 1
Әр бала үшін 1
Осы санаттағы (саладағы) еңбек өтілінің әрбір жылы үшін 2
* ХӘОТ-ке жататындығы үшін 5
"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушыларына бастапқы жарна болған кезде - өтінім беру сәтінде 10% 5

* ХӘОТ - "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары.

Өтінімдерді қабылдау туралы ақпаратты
порталдан қараңыз https://almaty-zhastary2024.kz/

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАРҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:
НӨМІР МЕКЕМЕ
+7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 Тұрғын үй басқармасы және
Алматы қаласының тұрғын үй инспекциясы
300 "Отбасы банк" АҚ Call-орталығы

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру