Қоғамдық кеңес
Қоғамдық кеңес Отбасы банкінің консультативтік-кеңес беруші, байқаушы органы, сондай-ақ Банк қызметіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру органы болып табылады.
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
3) автономдық;
4) дербестік;
5) жариялылық.
Қоғамдық Кеңес қызметінің мақсаты Банк қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Банк шешімдерін талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) Банктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту;
3) Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және Банк қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Қоғамдық кеңесінің құрамы:
1) Айнагүл Музафар - "RUKHTYLAR" қоғамдық қор төрағасы;
2) Ақмарал Шатемірқызы - мұғалім;
3) Руслан Тұрысбеков - " Не молчи сирота" қоғамдық қор төрағасы;
4) Нина Лукьяненко-Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі, жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшы;
5) Бекнұр Кисиков - Қазақстан ҮЕҰ академиясының тәлімгері;
6) Аида Досаева- стратегиялық коммуникациялардағы сарапшы;
7) Айнаш Есали- "Егемен Қазақстан" газетінің журналисті;
8) Полина Шиманская- тәуелсіз журналист, блогер.
9) Ләззат Ибрагимова – "Отбасы банкі"АҚ Басқарма төрағасы;
10) Жансұлтан Матай - "Отбасы банк"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
11) Зауре Масгутова - "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметінің директоры.
«Отбасы банк» АҚ Қоғамдық кеңесі туралы Ереже
ХАТТАМА №1 "Отбасы банк" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы
ХАТТАМА №2 "Отбасы банк" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы