«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің 4 бағыты бар:
1) Адал іскерлік тәжірибе: қоғамның игілігі мақсатында қызметті дамыту, қызметті дамытудың әлеуметтік және экологиялық шығындарын барынша азайту, жұмыс орындарының тиімділігін арттыру;
2) Қызметкерлердің дамуы: жоғары білікті мамандарды тарту, ең озық тәжірибелерді пайдалану, қызметкерлердің дамуына инвестициялар арқылы қуатын іске асыру үшін мүмкіндік жасау;
3) Қоршаған ортаны қорғау: қоршаған ортаға барынша ұқыпты және ұтымды қатынас қағидаларын ұстану;
4) Қайырымдылықты және демеушілікті ынталандыру: қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру, қайырымдылық шараларына жеке үлес қосуды ынталандыру.
КӘЖ стратегиясының мақсаты – КӘЖ саласындағы жобаларды басқаруда Банк ұстанатын негізгі қағидалар мен басымдылықтарды орнату.
КЭЖ қағидалары:
1) Банктің миссиясын, ортақ құндылықтары мен келешегін ұстану;
2) Банктің жоғары кәсіби ұжымы негізінде сапалы қызмет көрсету;
3) Тұлғаның намысы мен абыройына және оның құқықтарына құрметпен қарау;
4) Мүдделі тараптармен қатынаста адалдық және өзара құрмет;
5) Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде теңгерімді тәсіл;
6) Жасаған әрекеттердің заңдылығы және оның салдарлары үшін жауапкершілік;
7) Банк қызметкерлерінің денсаулығын сақтау;
8) Мүдделі тараптармен өзара қатынас үшін ашықтық.
Стратегиялар қағидаларын сақтау корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және Банктің барлық қызметкерлері үшін міндетті.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!