Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Баспасөз мәлімдемелері

Баспасөз мәлімдемелері

  • Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша Отбасы банк алғашқы өтініштерді мақұлдады

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сәуірдің 18-нен бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. 17 000 қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өтініш беруге шақыртуы бар SMS-хабарлама алды. Сәуір айының 26 күні тағы 23 000 адамға бағдарламаға қатысу жөніндегі шақыртуы бар SMS-хабарлама жолданады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк өз салымшыларын Алматыда өтетін екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады

    Сәуір айының 23-24 күндері Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Алматы қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізеді. Шара аясында жетекші құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері бір ортаға жиналады. Жәрмеңкеге: BI Group, Qazaq Stroy, Hayat Construction, Egemen Company, Ayt Housing Complex, Sheber build, Exclusive qurylys, Rams Qazaqstan, Nest stroy, KazSMU, Atamura Engineering, Каспий SMR-EURASIA, МТС Company LTD сияқты құрылыс компаниялары мен KN.kz, JANA, Витрина сияқты бірқатар жылжымайтын мүлік агенттіктері де қатысады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінің жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформасы іске қосылды

    Субсидиялау бағдарламасының 17 000 қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өтінім беру процесін тестілеуге қатысу туралы SMS-шақырту алды. Сәуір айының ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алулары қажет. Оны otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жасау керек. Өтінімдер қабылданатын және өңделетін сандық платформа – бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ.
    Әрі қарай оқу
  • Moody's агенттігі Отбасы банк рейтингін «Тұрақты» деңгейінде растады

    Халықаралық Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 12 сәуірінде Отбасы банктің ұзақ және қысқа мерзімді тәуекел рейтингтерін Baa2/P-2 деңгейінде растады. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер де Baa2/P-2 деңгейінде сақталады. Отбасы банкінің кредиттік қабілеттілігі Ba2 деңгейінде расталды. Рейтинг болжамы «Тұрақты».
    Әрі қарай оқу
  • 2022 жылдың наурыз айында enpf-otbasy.kz платформасында өтініштер саны 9 есеге артты

    Еnpf-otbasy.kz  платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті. Орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түсті. 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі - 870 мыңға жетті.
    Әрі қарай оқу
  • АЗИЯ ДАМУ БАНКІ «ҰМАЙ» ӘЙЕЛДЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕП ТАНЫДЫ

    Азия даму банкі өз жобаларын жүзеге асырып отырған елдердің арасында 2021 жылы ерекше нәтиже көрсеткен, үздік жобалық топты анықтады. Нәтижесінде қаржы құрылымының таңдауы – Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметкерлеріне түскен. Гендерлік өнімді сәтті жүзеге асырғаны үшін Нұрлан Ақшанов, Рахиля Балтабаева, Алена Финогенова, Елена Антонова, Ермек Әбдібеков, Нұрлан Хасенбаев, Мадина Албакова мен Жанерке Килтбаева сертификаттарға ие болды.
    Әрі қарай оқу
  • Үш күннің ішінде enpf-otbasy.kz порталы 157 мыңнан астам өтініш қабылдады

    Үш күннің ішінде enpf-otbasy.kz порталы 157 мыңнан астам өтініш қабылдады
    Әрі қарай оқу
  • Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген шарттармен баспана алуға көмектеседі

    Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл облыс әкімдігі мен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бірінші кезеңде бағдарлама «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға көмектеседі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды ұйымның кәсіподақ комитеттері анықтады. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Отбасы банк АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кеншілер мен металлургтерге несие сертификаттарын табыс етті.
    Әрі қарай оқу
  • 60 мыңнан астам қазақстандық БЗТ көмегімен Отбасы банкіндегі депозиттерін толықтырды

    Жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының көмегімен 62 мың қазақстандық Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттерін жалпы сомасы 107 млрд теңгеге толықтырды. Күн сайын біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) банктегі жинақ шоттарына 1 мыңға жуық адам аударады, ондағы орта сома 1,7 млн теңге. 2021 жылдың 16 желтоқсанында Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЗТ пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін, қазақстандықтар үшін Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру мүмкіндігі қолжетімді болды. Оны жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтары алғашқы жарна ретінде қолдануға және тұрғын үйді толық сатып алуға әзірге жеткіліксіз болып тұрған азаматтар қолданды.
    Әрі қарай оқу
  • Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің рейтингін BBB, яғни «Тұрақты» деңгейінде растады

    Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 1 наурызында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) ВВВ деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының жаңа шарттары туралы айтып берді

    Әйелдерге арналған бағдарламаның талаптары өзгерді. Енді «Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді. Іскер әйелдер үшін ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді. Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінің 1 716 431 салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды

    Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 716 431 клиентінің шоттарына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды. 116 680 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшеріне Отбасы Банкінің 382 406 салымшысы ие болды. 2021 жылы олардың әрқайсысы өз есепшоттарында кемі 583 400 теңге немесе 200 АЕК жинақтаған. Депозиттерінде одан да көп қаражат жинаған клиенттер сыйлықақы берілмеген жинақ бөлігі бойынша мемлекеттік сыйлықақыны 2022 жылдың қорытындысы нәтижесінде алады.
    Әрі қарай оқу

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру