Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген шарттармен баспана алуға көмектеседі | Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл облыс әкімдігі мен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бірінші кезеңде бағдарлама «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға көмектеседі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды ұйымның кәсіподақ комитеттері анықтады. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Отбасы банк АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кеншілер мен металлургтерге несие сертификаттарын табыс етті.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген шарттармен баспана алуға көмектеседі

Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген шарттармен баспана алуға көмектеседі

17 наурыз 2022 Нысан коды: 278931

Баспасөз мәлімдемесі

Қарағанды ​​облысында кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл облыс әкімдігі мен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бірінші кезеңде бағдарлама «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға көмектеседі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды ұйымның кәсіподақ комитеттері анықтады.

Бүгін Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Отбасы банк АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кеншілер мен металлургтерге несие сертификаттарын табыс етті.

-Наурыз мейрамы қарсаңында біз азаматтарымызға қолжетімді несие алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыс еткіміз келеді. Бұл біздің Отбасы банкімен бірлескен бастамамыз. Кеншілер мен металлургтерді несиелендіруге Қарағанды ​​облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлеміз, тағы 700 млн теңгені Отбасы банк бөліп отыр. Бұл қаражат жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беруге бағытталады, – деп түсіндірді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Жаңа бағдарлама алдағы бес жылда жұмыс істейді деп күтілуде. Жеңілдетілген несиелер Қарағандыда, сондай-ақ Саран, Абай, Шахтинск және Теміртауда қолжетімді болады.

– Басы байлы баспанаңның болуы – болашағыңа деген сенім, берік отбасы, әлеуметтік тұрақтылық деген сөз. Сондықтан қазір кеншілер мен металлургтердің баспана мәселесін шешуде қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Бүгінде Қарағанды ​​облысында жеңілдетілген несие арқылы алғашқы немесе екінші нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін несиелендіру механизмін іске қосып жатырмыз, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Несиелендірудің бірінші кезеңіне барлығы 1,7 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға қатысушыға берілетін ең жоғары несие сомасы – 15 млн теңге. Несие 19 жылға дейінгі мерзіммен беріледі.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

 


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру