Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің рейтингін BBB, яғни «Тұрақты» деңгейінде растады | Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 1 наурызында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) ВВВ деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің рейтингін BBB, яғни «Тұрақты» деңгейінде растады

Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің рейтингін BBB, яғни «Тұрақты» деңгейінде растады

2 наурыз 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 1 наурызында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) ВВВ деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».

Банк рейтингін растау арқылы Fitch Ratings агенттігі, қаржы институтына қажет болған жағдайда, ол мемлекеттік қолдау алатынына сенімділігін білдірді. Агенттік мәлімдемесінде, Отбасы Банк активтерінің сапасы тұрақты, капитал қоры мен өтімділік қорының жеткілікті болуының арқасында, орта мерзімді болашақта шұғыл қолдауды қажет етуі екіталай екенін жеткізген.

– Банк рейтингінің расталуы Отбасы Банк тұрақтылығын, оның қызметі мен бизнес стратегиясының тиімділігін көрсетеді. Қазір біз Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары бойынша 39% үлеспен және ипотекалық несиелендіру бойынша 66% үлеспен бірінші орында тұрмыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны – 2,2 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 23,5% құрайды. Күн сайын банк 300-ге жуық заем беріп, 4000-ға жуық жаңа депозит ашып отыр – дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бүгінгі күні банкте NPL (90 күннен асатын, кешіктірілген несиелер) деңгейінің ең төменгі көрсеткіші қалыптасқан, қазір ол 0,06%, ал өзге банктердегі орташа деңгейі – 3,31%. Банктің өтімділік қоры алдағы үш жылдағы несиелік міндеттемелерді орындауға жеткілікті. 

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру