Moody's агенттігі Отбасы банк рейтингін «Тұрақты» деңгейінде растады | Халықаралық Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 12 сәуірінде Отбасы банктің ұзақ және қысқа мерзімді тәуекел рейтингтерін Baa2/P-2 деңгейінде растады. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер де Baa2/P-2 деңгейінде сақталады. Отбасы банкінің кредиттік қабілеттілігі Ba2 деңгейінде расталды. Рейтинг болжамы «Тұрақты».
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Moody's агенттігі Отбасы банк рейтингін «Тұрақты» деңгейінде растады

Moody's агенттігі Отбасы банк рейтингін «Тұрақты» деңгейінде растады

15 сәуір 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Халықаралық Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі 2022 жылдың 12 сәуірінде Отбасы банктің ұзақ және қысқа мерзімді тәуекел рейтингтерін Baa2/P-2 деңгейінде растады. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер де Baa2/P-2 деңгейінде сақталады.

Отбасы банкінің кредиттік қабілеттілігі Ba2 деңгейінде расталды. Рейтинг болжамы «Тұрақты».

Moody's агенттігінің мәліметтері банктің жұмыс тұрақтылығын көрсетіп отыр. 2022 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша Отбасы банк Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің арасында жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары бойынша 43,8% үлесімен бірінші орында тұр. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны 2,2 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 24,1% құрайды. 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банк активтері 3,2 млрд теңгеге тең.

Отбасы банкінің кредиттік портфелі 2022 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2 223 млрд теңгені, ал депозиттік портфелі 1 788 млрд теңгені құрады.

Отбасы Банк NPL (қайтарымсыз несиелер) бойынша екінші деңгейлі банктердің арасында ең төмен көрсеткішке ие. Қазіргі уақытта кредиттік портфельдегі төлем мерзімі 90 күннен кешіктірілген қарыздардың көлемі, бұл көрсеткіштің нарықтағы орташа деңгейі 3,37% екенін ескерсек, небәрі 0,08% тең. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мен өтімділік қоры Ұлттық банк белгілеген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру