Отбасы банк өз салымшыларын Алматыда өтетін екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады | Сәуір айының 23-24 күндері Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Алматы қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізеді. Шара аясында жетекші құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері бір ортаға жиналады. Жәрмеңкеге: BI Group, Qazaq Stroy, Hayat Construction, Egemen Company, Ayt Housing Complex, Sheber build, Exclusive qurylys, Rams Qazaqstan, Nest stroy, KazSMU, Atamura Engineering, Каспий SMR-EURASIA, МТС Company LTD сияқты құрылыс компаниялары мен KN.kz, JANA, Витрина сияқты бірқатар жылжымайтын мүлік агенттіктері де қатысады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк өз салымшыларын Алматыда өтетін екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады

Отбасы банк өз салымшыларын Алматыда өтетін екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады

22 сәуір 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Сәуір айының 23-24 күндері Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Алматы қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізеді. Шара аясында жетекші құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері бір ортаға жиналады.

Жәрмеңкеге: BI Group, Qazaq Stroy, Hayat Construction, Egemen Company, Ayt Housing Complex, Sheber build, Exclusive qurylys, Rams Qazaqstan, Nest stroy, KazSMU, Atamura Engineering, Каспий SMR-EURASIA, МТС Company LTD сияқты құрылыс компаниялары мен KN.kz, JANA, Витрина сияқты бірқатар жылжымайтын мүлік агенттіктері де қатысады.

Жәрмеңкеге келушілер құрылыс компаниялардың әралуан ұсыныстарының ішінен өздеріне оңтайлысын тауып, нысанды аралап көру күнін белгілеп, жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша жан-жақты кеңес тыңдап, несие төлемінің ең тиімді нұсқасын таңдауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ клиенттер іс-шара аясында Отбаса банк кеңесшілеріне несие төлемдерін есептетіп, алдын ала мақұлдау құжаттарына қол жеткізе алады.

Жәрмеңке барысында жылжымайтын мүлік сатып алуды көздегендерге құрылыс салушылар тарапынан жеңілдіктер қарастырылған:

Ø Rams Qazaqstan – Navoi 3.0, Nomad 2 и Rams City тұрғын үй кешендеріне 12% жеңілдік

Ø Exclusive qurylys – қолма-қол төлем жасалатын болса, әр шаршы метрге 10 000 теңге жеңілдік

Ø BI Group – толық төлем жасалса, 20% дейін жеңілдік

Ø Sheber build – 90 млн теңгеден астам сомаға пәтер алынса, 2 млн теңге жеңілдік

Ø Aйт қурылыс сауда – пәтер сатып алынғанда көлік тұрағын жеңіп алу мүмкіндігі қарастырылған

Ø KazSMU –700 000 теңге жеңілдік

Қазір Алматы қаласының 294 574 тұрғыны баспана алу үшін Отбасы банкінде қаражат жинап жатыр. Жыл басынан бері алматылықтардың 19 031 жаңа депозит ашқан. Салымдарға деген үлкен сұраныс несие мөлшерлемесінің қолжетімді болуымен түсіндіріледі. Банк клиенттері баспананың бастапқы жарнасын өз шоттарында жинай отырып, 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу үшін несие рәсімдеу мүмкіндігін алады. Биылғы жылы бұл мүмкіндікті 3 527 қала тұрғыны пайдаланып, қоныс тойын тойлап үлгерді.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

 


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру