АЗИЯ ДАМУ БАНКІ «ҰМАЙ» ӘЙЕЛДЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕП ТАНЫДЫ | Азия даму банкі өз жобаларын жүзеге асырып отырған елдердің арасында 2021 жылы ерекше нәтиже көрсеткен, үздік жобалық топты анықтады. Нәтижесінде қаржы құрылымының таңдауы – Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметкерлеріне түскен. Гендерлік өнімді сәтті жүзеге асырғаны үшін Нұрлан Ақшанов, Рахиля Балтабаева, Алена Финогенова, Елена Антонова, Ермек Әбдібеков, Нұрлан Хасенбаев, Мадина Албакова мен Жанерке Килтбаева сертификаттарға ие болды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ «ҰМАЙ» ӘЙЕЛДЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕП ТАНЫДЫ

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ «ҰМАЙ» ӘЙЕЛДЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕП ТАНЫДЫ

29 наурыз 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Азия даму банкі өз жобаларын жүзеге асырып отырған елдердің арасында 2021 жылы ерекше нәтиже көрсеткен, үздік жобалық топты анықтады. Нәтижесінде қаржы құрылымының таңдауы – Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметкерлеріне түскен. Гендерлік өнімді сәтті жүзеге асырғаны үшін Нұрлан Ақшанов, Рахиля Балтабаева, Алена Финогенова, Елена Антонова, Ермек Әбдібеков, Нұрлан Хасенбаев, Мадина Албакова мен Жанерке Килтбаева сертификаттарға ие болды.

– «Ұмай» әйелдер бағдарламасы – Отбасы банк пен Азия даму банкінің бірлескен жобасы. Оны іске асыруға Азия даму банкі 38 млрд теңге көлемінде қарыз қаражатын бөлді. Өткен жылы 8,4 миллиард теңге көлеміндегі бірінші транш аясында 954 қазақстандық қыз-келіншек несие алып, қоныс тойын тойлады. АДБ-нің басшылығы біздің осы бағыттағы жұмысымызды атап өтіп, Қазақстанда әйелдерді несиелендіру бағдарламасын енгізу жұмысын халықаралық деңгейде 2021 жылдың үздік жобасы ретінде таныды, - деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Биылғы жылы АДБ әйелдерді несиелендіруге 14 млрд теңге бөлді. Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштерді 29 наурыздан бастап қабылдауға кіріседі. Енді оған еліміздің табысы жоғары азаматшалары да қатыса алады. Олар үшін жалпы отбасы бюджетінің табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – бастапқы жарнаның төмендігі. Егер әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме 13,5% (ЖТСМ - 14,5%-дан бастап) тең, кейіннен 3,5% - 5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6%-дан бастап) төмендетіледі.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша несие алу үшін «Отбасы Банкі» филиалында немесе жақын жердегі кеңес беру орталығына жүгініп, өтінім бере аласыз. Табысты растау үшін әйел соңғы алты айға тиісті анықтаманы ұсынуы керек. Меншікте басқа жылжымайтын мүліктің болуына ешқандай шектеулер жоқ.

Бүгінгі күні Отбасы банкінің несиелік портфеліндегі әйелдердің үлесі қарыз алушы ерлермен салыстырғанда жоғары. Мәселен, қарыздар саны бойынша әйелдердің үлесі – 57% болса, несие сомасы мен берешек қалдығы бойынша – 53% тең. Соңғы 5 жыл ішінде әйелдер Отбасы банкінен кредитті ерлерге қарағанда белсендірек алуда, олардың кредиттік портфельдегі үлесі өзгеріссіз 55-57% деңгейінде.

***

          ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру