Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша Отбасы банк алғашқы өтініштерді мақұлдады | Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сәуірдің 18-нен бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. 17 000 қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өтініш беруге шақыртуы бар SMS-хабарлама алды. Сәуір айының 26 күні тағы 23 000 адамға бағдарламаға қатысу жөніндегі шақыртуы бар SMS-хабарлама жолданады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша Отбасы банк алғашқы өтініштерді мақұлдады

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша Отбасы банк алғашқы өтініштерді мақұлдады

25 сәуір 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сәуірдің 18-нен бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. 17 000 қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өтініш беруге шақыртуы бар SMS-хабарлама алды. Сәуір айының 26 күні тағы 23 000 адамға бағдарламаға қатысу жөніндегі шақыртуы бар SMS-хабарлама жолданады.   

Платформа іске қосылған 5 күннің ішінде (2022 ж. 22 сәуірдегі жағдай бойынша) үміткерлерден бағдарламаға қатысу жөнінде 1 662 өтініш түсті. Олардың ішінде:

Ø 259 өтініш мақұлданды (Жалға берушінің деректері күтілуде)

Ø 129 өтініш бойынша қатысушының немесе оның отбасы мүшелерінің деректері тексерілуде 

Ø 161 өтініш бойынша қатысушы тек бастапқы деректерді ғана енгізген  

Ø Қатысушымен жойылған өтініштер – 105

Тексеру барысында 1008 өтініш кері қайтарылды. Көпшілігі (575 өтініш) тіркеу кезінде SMS арқылы жіберілген кодты енгізбеген қатысушылар немесе олардың отбасы мүшелері. Басқа себептерге тоқталатын болсақ: өтініш берушінің жеке куәлігінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен (76 өтініш), отбасының әрбір мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болған (61 өтініш), салықтық берешегі болған (52 өтініш), техникалық себептерге байланысты бас тартылған (48 өтініш), өтініш берушіге төлем талап-тапсырысы қойылған ( 46 өтініш), жылжымайтын мүлкі бар екені анықталған (46 өтініш), өтініш беруші мобильді азаматтар базасынан табылмаған (36 өтініш), SMS жіберу/алу мүмкін болмаған (36 өтініш), отбасылық жағдайды дұрыс көрсетілмеген (19 өтініш), отбасы мүшелері туралы деректер табылмаған (10 өтініш), кезекте тұрғаны расталмаған (2 өтініш), деректерді өңдеу келісіміне қол қойылмаған (1 өтініш).

Мақұлданған өтініштердің басым бөлігі (96 өтініш) Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан түскен. Екінші орында – Шымкент (51 өтініш), үшінші орында – Түркістан облысы (31 өтініш).

Өтініштер онлайн режимде оtbasybank.kz («Баспана маркет» маркетплейсі) порталында жолдануда. Өтініштер қабылданатын және өңделетін сандық платформа – бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ.

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.

– 2022 жылы азаматтарымызды қолдауға 50 млрд теңге қарастырылған. Оның 40 млрд теңгесін республикалық бюджеттен алу көзделсе, 10 млрд теңгесін жергілікті әкімдіктер бөледі. Бюджеттен қаржыландыру мамыр айында күтілуде. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50% алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім берулері үшін біз бүкіл процесті онлайн режиміне аудардық», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексерлері керек.

Тағы бір талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуытиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы оны аша алады.

Депозит болашақта баспана алу үшін ашылады, оны кезекте тұрған адам жалдау төлемдері тоқтатылғаннан кейін сатып ала алады. Енді ол мүмкіндігінше қаражатын үнемдей алады, сонымен қатар ертеректе ашылған депозит оның тұрғын үйге қолжетімділік сатысының келесі баспалдағына өту кезінде құнды артықшылық болады.

Ізінше субсидия алуға үміткер otbasybank.kz порталында тіркеліп, жеке кабинетінде өтініш жаза алады.

Ол үшін, ең алдымен, төлемдерді алу туралы өтінішке қол қояды және жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды. Содан кейін кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, ЭЦҚ арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне қол қоюы керек. Осыдан кейін жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады.

Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері менқатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.

Осыдан кейін «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.

Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде деректерін растайды. Сондай-ақ жеке деректерді жинау және өңдеу туралы өтінішке қол қойып, жалға берілетін пәтердің кадастрлық нөмірін және қаражат аударылатын 20 сандық шотты көрсетуі керек. Осыдан кейін жүйе жалдау шартын және төлем кестесін жасап шығады, оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін мемлекеттік баж төлейді. Содан кейін оның жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.

Жалдамалы баспананы қазақстандықтар өздері іздейді.

Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша, ай сайын аударып отырады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.

Отбасы Банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексеретiн болады.

 Баспананы жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру