Отбасы банкінің 1 716 431 салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды | Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 716 431 клиентінің шоттарына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды. 116 680 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшеріне Отбасы Банкінің 382 406 салымшысы ие болды. 2021 жылы олардың әрқайсысы өз есепшоттарында кемі 583 400 теңге немесе 200 АЕК жинақтаған. Депозиттерінде одан да көп қаражат жинаған клиенттер сыйлықақы берілмеген жинақ бөлігі бойынша мемлекеттік сыйлықақыны 2022 жылдың қорытындысы нәтижесінде алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкінің 1 716 431 салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды

Отбасы банкінің 1 716 431 салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды

7 ақпан 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 716 431 клиентінің шоттарына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды.

116 680 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшеріне Отбасы Банкінің 382 406 салымшысы ие болды. 2021 жылы олардың әрқайсысы өз есепшоттарында кемі 583 400 теңге немесе 200 АЕК жинақтаған. Депозиттерінде одан да көп қаражат жинаған клиенттер сыйлықақы берілмеген жинақ бөлігі бойынша мемлекеттік сыйлықақыны 2022 жылдың қорытындысы нәтижесінде алады.

– Өткен жылы 601 367 қазақстандық алғашқы жарна жинап, қолжетімді шарттармен баспана сатып алу үшін Отбасы банкінде жаңа депозит ашты. Бұл рекордтық көрсеткіш, оған біржолғы зейнетақы төлемдерін жинақ шоттарына аудару мүмкіндігі де сеп болды. Желтоқсан айының 15 күнінде бұл мүмкіндікті 34 мыңнан астам адам қолданды. Олар өз депозиттеріне 55 млрд теңге аударып, оған қоса үстінен мемлекеттік сыйлықақы алып, баспаналы боламын деген мақсаттарына бір табан жақындай түсті, - деп түсіндірді «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Мемлекеттік бонус болашақта жылдық 5 пайыз мөлшерлемесімен тұрғын үй заемын алу үшін депозит бойынша жинақтау мерзімін қысқартуға көмектеседі. Мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысы бірігіп, Отбасы банк депозиттерін нарықтағы ең тиімді салымдардың біріне айналдырады. Өйткені олар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетуі мүмкін. Статистикаға сүйенсек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының тұрғындары Отбасы банкінде қаражат жинақтаудың бұл артықшылығын жоғары бағалайды. Себебі бұл қалалар ең үлкен депозиттік портфельге ие.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы 122 520 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 612 600 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет.

Егер салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекет сыйлықақысы солардың тек біреуіне ғана есептеледі. Сондықтан, жыл сайын көбірек сома жинауды жоспарлап отырған салымшылар максималды кірісті сақтау үшін отбасы мүшелерінің атына жеке-жеке депозит ашып, жарналарды біркелгі аударып отыра алады. Сонда олардың әрқайсысына мемлекеттік сыйлықақы есептелетін болады. Ал тұрғын үй құнының 50%-ы жиналып, тұрғын үй заемын алу уақыты келгенде (тұрғын үй заемы бойынша мөлшерлеме 3,5%-5%), шоттарды біріктіріп, үй немесе пәтер сатып алуға болады. Бұл мүмкіндік «Отбасылық пакет» деп аталады.

Еске сала кетейік, салымшы депозитте 3 жылдан аз уақыт аралығында қаражат жинап, оның шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру