Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Региональные программы

Өңірлік бағдарламалар

Жастарға арналған бағдарлама

ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ
Elorda Zhastary
Бағдарламаға қатысушылар
Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар.

Кредит беру шарттары:
10%
Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;
key_icon
Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
key_icon
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
twenty_icon
Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
eithing_icon
Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге.
Лайфхак: Өзіңіздің зейнетақы жарналарыңызды пайдаланыңыз
ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасының Азаматтығы.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, Бағдарламаға қатысушының жасы 35 (отыз бес) жасқа дейін болуы керек. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана рұқсат етіледі.
Бағдарлама қатысушысының соңғы 1 (бір) жылдан кем емес Астана қаласында тұрақты тіркеуі және Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалары және т.б. бар болса) Астана қаласында тіркелуі тиіс.
«Отбасы банк» АҚ-да жинақ шотының болуы және өтінімді беру сәтінде шотта алғашқы жарнасы 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңге болуы керек.
Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы, оған мыналар кірмейді: авариялық жағдайдағы, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлер.
Қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі Астана қаласында өтініш берген сәтте зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталатын кемінде соңғы бір жыл.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 (алты) еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы.
Қатысуға өтінімді толтыру кезінде қатысушы таңдаған сала қатысушы еңбек қызметін жүзеге асыратын саламен сәйкес келуі тиіс.
Қатысушыларды іріктеу ең жоғары баллдан ең төмен баллға есептеуді пайдалана отырып жүргізілетін болады: таңдалған саладағы жұмыс өтілінің толық 1 жылы - 5 балл, таңдалған саладағы жұмыс өтілінің толық емес жылы - 3 балл.
Астана қаласында «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандар ретінде өтінім берген азаматтарға қызмет саласына қарамастан, толық 1 жыл жұмыс өтілі үшін – 5 балл, толық емес жұмыс өтілі үшін – 3 балл есептеледі; Өтініш берушіде немесе жолдасы/жұбайында I, II, III топтағы немесе балаларда мүгедектіктің болуы - 10 балл. Егер отбасының бірнеше мүшесінде мүгедектік болса, мүгедектігі бар отбасының әрбір мүшесіне ұпайлар беріледі.
Астана қаласы бойынша «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға Банкке жолдамалардың жалпы санының 20 пайызынан аспайтын бекітілген квота бөлінеді. Жолдамалардың қалған бөлігі басқа бағыттар бойынша қатысушылар арасында бөлінеді.
Қатысушылар бірдей ұпай жинаған жағдайда, жасы үлкен қатысушының өту үлесі жоғары болады.
Келесі қызмет салалары "Elorda Jastary" бағдарламасына қатысады:

• Денсаулық сақтау, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, тиісті жоғары және орта білімі бар, Астана қаласында орналасқан денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері;

• Білім беру, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласында орналасқан тиісті жоғары және орта білімі бар білім беру саласындағы мекемелердің педагог қызметкерлері;

• Мәдениет, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласында орналасқан мемлекеттік мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері;

• Спорт,атап айтқанда: Астана қаласында орналасқан ұйымдарда, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті" ҚБ және "Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті" ҚБ еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;

• Әлеуметтік сала,атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;

• ЖОО мен ҒЗИ, атап айтқанда: Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

• Журналистер,атап айтқанда: Астана қаласында тікелей бейінді қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, журналистер, тілшілер, продюсерлер, беттеушілер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс режиссерлері, теле-радио жүргізушілер, фотографтар, телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер, графикалық және мультимедиалық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату жөніндегі техниктер, аудио-бейне операторлар, Телекоммуникациялар жөніндегі монтажерлер, контент-менеджер, жарық беруші, веб-дизайнерлер, медиа жоспарлау жөніндегі менеджер, медиа талдаушы, SMM-маман);

• Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің қызметкерлері(техникалық және әкімшілік персоналды қоса алғанда, жоғарыда көрсетілген салалардағы ұйымдардың қызметкерлерін қоспағанда);

• Қызмет саласына тәуелсіз, Астана қаласында "жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар"санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 35 (отыз бес) жасқа дейінгі азаматтар.

• Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласы Полиция департаментінің және оның бөлімшелерінің бейінді қызметкерлері.

• Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның бөлімшелерінің бейінді қызметкерлері.

• Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, «Қазпочта» АҚ Астана қаласындағы филиалдарының бейінді қызметкерлері.
Егер Сіз Астана қаласында келесі салаларда жұмыс істесеңіз, онда қатыса аласыз.
house_icon
Денсаулық сақтау
(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, медицина қызметкерлері).









man_icon.png
Білім беру
(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, педагог қызметкерлер).









museum.png
Мәдениет
(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер).









price_icon.png
Спорт
(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, спортшылар мен жаттықтырушы-тәлімгерлер).









man_icon

Әлеуметтік сала


(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер).







castel_icon

ЖОО және ҒЗИ


(техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер).
customer

Журналистер


Журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редактор, режиссерлер, дыбыс инженерлері, теле-радио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату инженерлері, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторы, телекоммуникация монтажерлері, контент-менеджер, кеңесші, веб-дизайнер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда.
employees
Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің бейінді қызметкерлері
бейінді қызметкерлері (ұйымның жекелеген жоғары тұрған салалардағы қызметкерлерін, оның ішінде техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда).
employees
қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа толмаған азаматтар.
employees
Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер).
employees
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер).
employees
Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Астана қаласындағы «Қазпошта» АҚ филиалдарының бейінді қызметкерлері.





birge.astana.kz порталында қатысуға өтінімді толтыру кезінде
Қатысушы таңдаған сала Қатысушы еңбек қызметін жүзеге
асыратын саламен сәйкес келуі тиіс.

Қатысушыларды іріктеу көбінен азына қарай ұпай есептеуді пайдалану
арқылы жүргізіледі, толығырақ birge.astana.kz
Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
1
Сіз пәтерді жаңа салынған үйлерден және қайталама нарықтан таңдай аласыз
3
Қосалқы қарыз алушыны тартуға болады. Қосалқы қарыз алушының табысы табыстың шекті сомасында ескерілмейді
2
Сіз салықты азырақ төлейтін боласыз.
Сізге қайта қоңырау шалғанымызды қалайсыз ба?

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру