Банк туралы
-
Әр мемлекеттің өз стратегиялық мақсаттары мен міндеттері бар. Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі — азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.
-
2000ж. 7 желтоқсандағы "ҚР-да тұрғын үй құрылысы жинағы туралы" ҚР Заңымен реттелген тұрғын үй құрылыс жинақ (ТҚЖ) жүйесінің қалыптасуына экономикалық өсім мен мемлекеттің әлеуметтік бағдары негіз болып отыр.
-
"Отбасы Банк" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк.
-
ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.
-
2003 жылдың шілде айында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.
-
Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.
-
2005 жылы банк алғашқы рет заем берді. Бұл — аралық заем еді.
-
2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді.
-
2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды.
-
Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды.
-
Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты жыл сайын растап отырады.
Бұдан кейін "Отбасы Банк" АҚ-ның мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі елеулі түрде кеңи түсті. Оның үстіне, банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасаса бастады.
-
БАНК МИССИЯСЫ
Отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді әл-ауқатын арттыру арқылы Отан сезімін нығайтамыз.
-
БАНКТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУЫ
Біз, Отбасы Банк – халық пен компаниялар үшін, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалары үшін жинақтау мен қаржыландырудың сенімді және тұрақты дамып келе жатқан жүйесіміз.
-
2013 жылдың тамызынан бастап "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығының 100%-ы бар Банктің жалғыз акционері болып табылады.
-
2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) жай акциясы "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының меншігінде болады.
-
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 22 мамырындағы №571 Жарлығына және "Президент Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 25 мамырындағы №516 қаулысына сәйкес құрылды.
"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (бұдан әрі – Холдинг) негізгі міндеттерінің бірі Холдинг компаниялары тобының тиімді және бірін-бірі толықтыратын жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
- Ірі жобаларды және кәсіпорындарды қаржыландыруға, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын даму институттары: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджменті» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ,«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС.
- Инновациялық қызметтің, шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске асырушы институттар: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.
- Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысы жинақтары сала-сындағы жобаларды және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатыстырылған қаржылық ұйымдар мен ұлттық компаниялар: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ.
- "Бәйтерек" ҰБХ" ресми сайты - www.baiterek.gov.kz
Банк картада
Банк рейтингі
Халықаралық рейтингтік агенттік қазіргі уақытта Банкке төмендегі рейтингтерді меншіктеді.
Лицензия
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.01.2025
№ | Бағыт | Қаржыландыру көзі | Қаражаттың түскен күні | Бөлінген сома (млн. теңге) | Игерілген сома (млн. теңге) |
---|---|---|---|---|---|
1 | «Отбасы Банкі» АҚ салымшыларына несиелік тұрғын үй сатып алу үшін несие беру | Ұлттық қор | 2016 | 22 000 | 22 000 |
2 | «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушыларға 5% мөлшерлемемен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2017 | 8 000 | 8 000 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2018 | 24 000 | 24 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2018 | 15 000 | 15 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2019 | 28 000 | 28 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2019 | 14 000 | 14 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2020 | 10 000 | 10 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2021 | 32 000 | 32 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2022 | 5 100 | 5 100 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2022 | 5 100 | 5 102 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2022 | 5 100 | 5 105 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2023 | 39 700 | 39 700 | ||
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ | 2020 | 90 000 | 90 000 | ||
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ | 2021 | 120 000 | 120 000 |
Толығырақ
3 | «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушыларға аз қамтылған отбасыларға 2 пайыздық мөлшерлемемен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2019 | 50 000 | 50 002 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2021 | 49 000 | 49 002 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2021 | 50 000 | 50 001 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2021 | 20 000 | 20 005 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2022 | 51 000 | 51 001 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2023 | 20 000 | 20 000 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2023 | 12 198 | 5 400 | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | 2023 | 1 444 | 1 446 | ||
4 | «Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларға 5% мөлшерлемемен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру | Алматы қаласы әкімдігі | 2017 | 1 000 | 996 |
Алматы қаласы әкімдігі | 2018 | 1 200 | 1 208 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2020 | 10 000 | 10 005 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2021 | 14 000 | 14 014 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2022 | 15 000 | 15 009 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2022 | 671 | 673 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2023 | 17 000 | 17 002 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2023 | 965 | 971 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2024 | 22 000 | 22 006 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2024 | 1 389 | |||
5 | «Елорда жастары» бағдарламасы аясында 35 жасқа дейінгі азаматтарды несиелендіру Астана қ. | Астана қаласының әкімдігі | 2021 | 700 | 710 |
Астана қаласының әкімдігі | 2021 | ||||
Астана қаласының әкімдігі | 2022 | 1 000 | 1 004 | ||
Астана қаласының әкімдігі | 2022 | 300 | 309 | ||
Астана қаласының әкімдігі | 2022 | 500 | 500 | ||
Астана қаласының әкімдігі | 2023 | 1 000 | 1 005 | ||
Астана қаласының әкімдігі | 2024 | 1 350 | 1 189 | ||
6 | Алдын ала тұрғын үй және/немесе 2% мөлшерлемемен аралық тұрғын үй несиелерін беру үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасына несие беру | Алматы қаласы әкімдігі | 2019 | 1 000 | 1 004 |
Алматы қаласы әкімдігі | 2019 | 1 500 | 1 501 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2021 | 3 348 | 3 301 | ||
Алматы қаласы әкімдігі | 2022 | 3 000 | 2 844 | ||
7 | «Корпоративтік» бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласындағы жас мамандарды несиелендіру | Қарағанды облысының әкімдігі. | 2022 | 1 000 | 1 017 |
Қарағанды облысының әкімдігі. | 2023 | 1000 | 1 007 | ||
8 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Қарағанды облысының әкімдігі. | 2024 | 1000 | 985 |
9 | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алдын ала тұрғын үй заемдарын беру | Орал қаласының әкімдігі | 2022 | 50 | 50 |
10 | «Әулиеата жастары» Жамбыл облысы жастарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысушыларды несиелеу | Жамбыл облысының әкімдігі | 2022 | 500 | 510 |
Жамбыл облысының әкімдігі | 2023 | 1 000 | 998 | ||
11 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Жамбыл облысының әкімдігі | 2024 | 1 000 | 724 |
12 | Корпоративтік бағдарлама бойынша «Жас шаңырақ» бағыты бойынша алдын ала тұрғын үй несиелерін беру | Қостанай қаласының әкімдігі | 2022 | 350 | 360 |
13 | «Қостанай жастары» несиелік бағдарламасы | Қостанай облысының әкімдігі | 2023 | 1 050 | 1 056 |
14 | «Қостанай жастары» несиелік бағдарламасы | Қостанай облысының әкімдігі | 2024 | 1 050 | 407 |
15 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Қостанай облысы әкімінің аппараты | 2024 | 500 | |
16 | «Корпоративтік» бағдарламасы бойынша «Алатау жастары» бағыты бойынша алдын ала тұрғын үй несиелерін беру | Алматы облысының әкімдігі | 2022 | 600 | 495 |
17 | Алматы облысының әкімдігі | 2024 | 354 | 351 | |
18 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Алматы облысы әкімінің аппараты | 2024 | 146 | |
19 | «Корпоративтік» бағдарламасы бойынша жастарға несие беру | Атырау қаласының әкімдігі | 2022 | 1 000 | 1 010 |
20 | Атырау қаласы мен Атырау облысының аудандары халқының әлеуметтік осал топтарын несиелендіру | Атырау облысының әкімдігі | 2023 | 1 600 | 1 613 |
21 | Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру | Атырау облысының әкімдігі | 2023 | 1 400 | 1 358 |
22 | Атырау және Атырау облысының медицина қызметкерлерін несиелендіру | Атырау облысының әкімдігі | 2023 | 1 000 | 993 |
23 | Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру | Атырау облысының әкімдігі | 2024 | 1 500 | 1 487 |
24 | Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру | Атырау облысының әкімдігі | 2024 | 500 | 50 |
25 | Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру | Атырау қаласы әкімінің аппараты | 2024 | 2 000 | |
26 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 18 жастан асқан ересектерге несие беру | Талдықорған қаласының әкімдігі | 2022 | 400 | 381 |
27 | Ақтөбе облысының жастарына несие беру | Ақтөбе облысының әкімдігі | 2022 | 300 | 301 |
28 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру - Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. | Ақтөбе облысының әкімдігі | 2024 | 750 | 749 |
29 | Ақтөбе облысы аудандарының әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелендіру | Ақтөбе облысының әкімдігі | 2024 | 500 | 476 |
30 | «Абай жастары» банкінің аймақтық бағдарламасына қатысушыларды несиелендіру | Семей қаласының әкімдігі | 2022 | 573 | 569 |
31 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Семей қаласының әкімдігі | 2022 | 90 | 90 |
32 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Семей қаласының әкімдігі | 2023 | 200 | 203 |
33 | Банктің Аймақтық бағдарламасына қатысушыларды несиелендіру | Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы | 2023 | 440 | 396 |
34 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі | 2023 | 600 | 590 |
35 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі | 2024 | 1 260 | |
36 | Ұлытау өңірінің жұмысшы жастарына арналған несие бағдарламасы | Ұлытау облысының әкімдігі | 2023 | 500 | 509 |
37 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Ұлытау облысының әкімдігі | 2024 | 500 | 497 |
38 | «Ұмай» әйелдер ипотекасы | Азия даму банкі | 2021-2023 | 38 000 | 38 008 |
39 | Теміртау қаласындағы жұмыс істейтін жастарға несие беру | Теміртау қаласының әкімдігі | 2023 | 200 | 201 |
40 | Теміртау қаласындағы жас мамандарға арналған несие бағдарламасы | Теміртау қаласының әкімдігі | 2023 | 150 | 157 |
41 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеудің Банктің өңірлік бағдарламасы шеңберінде қызметкерлерге несие беру | Теміртау қаласының әкімдігі | 2024 | 450 | 454 |
42 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Шымкент қаласының әкімдігі | 2023 | 3 000 | 2 915 |
43 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Шымкент қаласының әкімдігі | 2024 | 5 000 | 0 |
44 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Шымкент қаласының әкімдігі | 2024 | 15 216 | |
45 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Қызылорда облысының әкімдігі | 2023 | 1 200 | 1 193 |
46 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Қызылорда облысы әкімінің аппараты | 2024 | 1 200 | |
47 | «Маңғыстау жастары» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының жас мамандарын несиелендіру бағдарламасы | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2023 | 500 | 499 |
48 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Маңғыстау облысы әкімінің аппараты | 2024 | 500 | |
49 | Павлодар қаласындағы жұмыс істейтін жастарға арналған несие бағдарламасы | Павлодар қаласының әкімдігі | 2023 | 346 | 340 |
50 | Ақсу қаласының жұмысшы жастарына арналған несие бағдарламасы | Ақсу қаласының әкімдігі | 2023 | 55 | 45 |
51 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Ақсу қаласы әкімінің аппараты | 2024 | 300 | 36 |
52 | «Қамқор – Тараз» несиелендіру бағдарламасы | Тараз қаласының әкімдігі | 2023 | 100 | 98 |
53 | «Жетісу жастары» жастарды несиелендіру бағдарламасы | Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Талдықорған қаласы әкімінің аппараты | 2023 | 500 | 300 |
54 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 2024 | 1 000 | 182 |
55 | «Қозы Көрпеш – Баян сұлу жастары» несиелік бағдарламасы | Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің аппараты | 2023 | 81 | 81 |
56 | «Шығыс Маманы» несиелендіру бағдарламасы | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 2024 | 300 | 292 |
57 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 2024 | 300 | |
58 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Саран қаласының әкімдігі | 2024 | 50 | 57 |
59 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі | 2024 | 350 | |
60 | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын несиелеу бойынша Банктің өңірлік бағдарламасы | Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты | 2024 | 100 |
- "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2019–2021 жылдар аралығындағы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 75 500 000 (жетпіс бес миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.
- "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2021–2023 жылдар аралығындағы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 113 000 000 (жүз он үш миллион) теңгені құрайды.
- ПрайсуотерхаусКуперс" ЖСС Аудиторлық компаниясы Банктің 2024-2026 жылдар аралығындағы қаржылық есептілік аудитін жүргізеді, келісімшарттың жалпы сомасы ҚҚС есебінсіз 254 000 000 (екі жүз елу төрт миллион) теңгені құрайды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІК
2014 жылдың 28 наурызында Брюсселде (Бельгия) ЕҚЖКФ Басқарма кеңесінің отырысында дауыс беру арқылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны ЕҚЖКФ -тің мүше-корреспонденттері қатарына қосу туралы шешім қабылданды. ЕҚЖКФ – тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілететін және қолдайтын кредиттік және өзге де институттардың қауымдастығы. Федерацияның іргетасы 1962 жылдың 29 тамызында қаланған. Еуропа деңгейіндегі ең алғашқы кредиттік қауымдастықтардың бірі. Соңғы 50 жыл бойы ЕҚЖКФ Еуропадағы мүшелерінің мүддесін қорғап, тұрғын үй құрылыс жинағы идеясын қолдап келеді. Бүгінде Еуропаның түкпір-түкпірінде бұл қауымдастықтың 50-ге тарта мүшесі бар. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ЕҚЖКФ-ке толыққанды мүшелігі қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ілгері дамуына бірегей мүмкіндік береді және халықаралық құрылыс жинақ кассасы қауымдастығымен интеграция жасау үдерісін ілгері жылжытады.
2014 жылдың қыркүйек айында ХТҚО «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны ұйымның мүшелері құрамына қосу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. ХТҚО-ның іргетасы 1914 жылы қаланған. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласына қатысты бүкіл әлемдегі соңғы оқиғалармен өз мүшелерінің ұдайы хабардар болуына мүмкіндік беретін ұйым. Одақтың 46 елде 108 мүшесі бар. 2014 жылдың 11-12 қыркүйегінде Мюнхен қаласында (Германия) Банк ХТҚО-ның 100 жылдығына орай өткізілген конференцияға қатысты.
Ынтымақтастық туралы меморандум
28.07.2015 – 29.07.2015жж. Алматы қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен Баушпаркассе Швебишь Халль (ГФР) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға ресми түрде қол қойылды. Бұл салтанатты шараға Банк жетекшілігі мен Баушпаркассе Швебишь Халль өкілдері, сондай-ақ: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрайымы- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – А.Ө.Алдамберген ханым да қатысты.
2018 жылғы 24 мамырда Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының Экономика Министрлігінде Банктің бірінші басшылары мен ЖБИ қатысуымен меморандум мен келісімге қол қою рәсімі өтті. Осы рәсім шеңберінде Банк басшылығының Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма төрағасының орынбасарымен Қырғыз Республикасында ТҚЖ жүйесін дамыту перспективалары туралы кездесулері де өткізілді. Банк пен ЖБИ бұдан әрі Меморандум шеңберінде тәжірибе алмасуды қолдауға - ипотекалық кредиттеуді және ТҚЖ жүйесін дамыту мәселелері бойынша кездесулер / семинарлар / форумдар / дөңгелек үстелдер / конференциялар өткізуге ниетті.
2018 жылғы 29 Мамырда Вашингтон қаласында Латын Америкасы мен Кариб аймағы елдерінде, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азияда Банк Басқармасының Төрағасы мен ХҚК өңірлік вице-президентінің қатысуымен Меморандумға қол қойылды. Банк пен ХҚК болашақта Меморандум шеңберінде ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
2022 жылғы 28 маусымда Астана қаласында Astana Finance Days 2022 форумы аясында 19 ірі компания, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан қор биржасы, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Qazaq Green RES қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер, оның ішінде "Отбасы Банкі" АҚ және т.б. арасында Ұлттық ESG – клубын құру бойынша ынтымақтастық ниеті туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың ресми рәсімі өтті. ESG-клубы тұрақты даму және ESG қағидаттарын ілгерілететін жауапты инвесторлар мен компанияларды тартудың алдыңғы қатарлы алаңына айналады. Оның қатысушылары тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, энергия тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға әсерді азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға, адам құқықтарын сақтауға және ESG саласындағы озық тәжірибені таратуға үлес қосады.
2024 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымының және "Элет Капитал" микроқаржы компаниясы" Басқарма Төрағасының - Бас директорының қатысуымен Меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандум өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында жасалды, сондай-ақ Банк пен МҚК жалпы тәжірибе алмасуды ретке келтіруге және қолдауға ниетті.
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.03.2025
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.02.2025
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.01.2025
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.12.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.11.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.10.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.09.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.08.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.07.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.06.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.05.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.04.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.03.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.02.2024
-
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат 01.01.2024
Мұрағат
12.06.2016 жылғы жоспардан тыс тексеруді белгілеу туралы № 659 Акт негізінде "Алматы қаласы бойынша көші-қон және еңбек инспекциясы мемлекеттік басқармасы" тарапынан 13.07.2016 ж. - 31.07.2016 ж. мерзімі аралығында еңбек заңнамасы талаптарын орындау мәселелері бойынша Банкте жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 28.07.2016 жылғы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жоспардан тыс тексеру Актіне сәйкес, тексеру қортындысы бойынша еңбек заңнамасы талаптарын бұзу байқалмады.
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) аудиторлық шаралар өткізуіне берілген 04.11.2016 ж. № 30-4-1-Т тапсырма негізінде, 14.11.2016 жылдан 29.12.2016 жылға дейінгі аралықта "Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бөлген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаржысын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит (бұдан әрі – мемлекеттік аудит) жүргізілді.
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша, Есеп комитетінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 6-5-Н ұйғарымы түсті, оған сәйкес 2017 жылғы 01 қазанға дейін "Нұрлы Жол" Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігі мен жас отбасылардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы тарифтік тұрғын үй бағдарламаларының талдауы мен бағалауы шараларын қабылдауға, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларының қатысушылары үшін өңірлік үйлеспеушіліктерді теңестіруге бұйрық берілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облыстық Экология департаменті, 2017 жылғы 30 мамырдағы №75 тексеру белгілеу туралы актіге сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодесі талаптарының сақталынуын тексеру белгіленді. Тексеру мерзімі: 2017 жылғы 31 мамырдан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін. Тексерілетін кезең: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін.
Тексеру нәтижесінде 2017 жылғы 16 маусымдағы № 42 Акт берілді, оған сәйкес, дизельді генератор жұмысының салдарынан қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттар нормадан асатындықтан, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экология Кодексінің 69-бабының 3-тармағын бұзу анықталды. Банктің Қызылорда филиалының лауазымды тұлғасы 34 035,0 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Экология кодексінің 321-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, тексеруші орган Банкке қатысты 39 628,0 теңге көлемінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы ұйғарым берді. Айыппұл төленіп, ұйғарым орындалды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ 2017 ж. 02 тамыздағы №158 тексеруді тағайындау актісіне сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға 2017 жылдың 04 тамызынан бастап 2017 жылдың 11 тамызына дейін жоспардан тыс тексеру (сәйкес аудиті) жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер мен бұзушылықтар орын алмады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізуді белгіледі. Тексеру мерзімі: 2017 жылдың 30 тамызынан бастап 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуына бұрын белгіленген кезектен тыс тексеру жүргізу аяқталды. Тексеру мерзімі: 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 03 қарашасына дейін. Тексеру кезеңі: 2017 жылдың 01 қаңтарынан 2017 жылдың 24 қыркүйегіне дейін. Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзуды жою жөніндегі 2017 жылғы 30 қазандағы №19 нұсқама берілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018 жылғы 11 сәуірдегі №74 аудиторлық шараны өткізу тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап 5 мамырына дейін жоспардан тыс тексеру (сәйкес аудиті) жүргізді. Тексеру өткен кезең: 2017 жылдың 01 тамызынан 2018 жылдың 31 наурызына дейін. Аудит қорытындысы бойынша Банк қызметтерінде қаржылық бұзушылықтар орын алмады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі" РМК"-нің (әрі қарай – уәкілетті орган) 2018 жылғы 26 маусымдағы тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде 2018 жылғы 28 маусымнан 2018 жылғы 29 маусым аралығындағы уақыт кезеңінде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да (әрі қарай - Банк) азаматтық қорғаныс (өрт қауіпсіздігі) саласында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға байланысты тәуекел деңгейін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде азаматтық қорғаныс (өрт қауіпсіздігі) саласында анықталған талаптардың бұзылуымен 2018 жылғы 29 маусымда тексеру нәтижелері туралы акт жасалды, 2018 жылғы 29 маусымда №282 анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым, сондай-ақ, Банктің лауазымды тұлғасына ескерту түрінде 2018 жылғы 05 шілдеде №187 әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы берілді. Банк жүргізген тексеру қорытындысы негізінде Банктің Орталық аппаратының ғимаратында өрт қауіпсіздігі талаптарын жоюға байланысты Шаралар жоспары жасалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті" РММ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-тың Алматы облыстық филиалында "Ерлік" қимыл қозғалысы кем мүгедектер ҚБ-ның мүгедектердің және тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобының нысандарға қолжетімділігі мәселесі жөніндегі шағымы негізінде 2018 жылдың 28 тамызынан бастап 03 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жоспардан тыс тексеру өткізді.
Тексеру нәтижесі бойынша 2018 жылдың 03 қыркүйегіндегі № 14-Э тексеру нәтижесі туралы акт толтырылды, сондай-ақ тексеру барысында туындаған бұзушылықтарды жою туралы 2018 жылғы 03 қыркүйектегі №38 ұйғарымы шығарылды.
"Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" ММ 2019 жылдың 01-02 тамыз аралығында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Атырау облыстық филиалында жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты шағымының негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша нөмірсіз және датасыз тексеру нәтижелері туралы акт жасалды, оның шеңберінде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Атырау облыстық филиалының іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жоқ.
"Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" РММ (бұдан әрі – тексеруші орган), 2019 жылғы 22 тамыздан бастап 03 қыркүйекке дейінгі кезеңде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау тұрғысында "Сынақ" мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау" қоғамдық бірлестіктін шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы 2019 жылғы 03 қыркүйектегі №69 ұйғарым жасалды, сондай-ақ 2019 жылғы 03 қыркүйектегі №54 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Тексеруші орган «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы қызметінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-v кодексінің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық (мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу) белгілерін тапты. 2019 жылғы 20 қыркүйекте Банк айыппұлды төледі.
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар департаментінің Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі» РММ (бұдан әрі – тексеруші орган) 2019 жылғы қазан айының 28-нен 31-не дейінгі кезеңде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның Алматы қаласындағы Орталық аппараты ғимаратында Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы мақсатында тексеріс өткізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 2019 жылғы 31 қазандағы тексеріс нәтижелері туралы № 834-Э акт құрылды, 2019 жылғы 31 қазандағы бұзушылықтарды жою туралы № 834-Э ұйғарым шығарылды, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі кодексінің 410-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы №197511093000 хаттама (ескерту ретінде) толтырылды. Банк 2019 жылдың 04 қарашасында өткен тексеріс барысында Банктің Орталық аппараты ғимаратында анықталған өрт қауіпсіздігінің бұзылуын жою жөніндегі шаралар жоспарын құрды." Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен 2020 жылғы 05 қаңтардан бастап 22 қаңтарға дейінгі кезеңде республикалық бюджет қаражаттарының және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның квазимемлекеттік секторы және оның еншілес компаниялары активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит нәтижесі бойынша 2020 жылғы 22 қаңтардағы аудиторлық есеп ұсынылды. КАлматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы" КММ (бұдан әрі-Тексеруші орган) 15.07.2020 жылдан бастап 28.07.2020 жылға дейінгі кезеңде Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91 үй мекенжайында орналасқан "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық аппаратының ғимаратын "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 16.07.2001 жылғы №242 ҚР заңының талаптарын сақтау мәніне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 28 шілдедегі №б/н тексеру нәтижелері туралы акт жасалды, 2020 жылғы 28 шілдедегі №177-Э/43 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды және "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 323-бабының 1-бөлігі бойынша №197500623 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (50 АЕК көлемінде айыппұл) толтырылды.
"Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" КММ 08.09.2020 жылдан бастап 09.09.2020 жылға дейінгі кезеңде еңбек заңнамасы талаптарының сақталғандығын анықтау мақсатында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан д-лы, 91 үй мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тексеріс жүргізді.Тексеріс нәтижелері бойынша 2020 жылғы 09 қыркүйектегі №243-Э тексеріс нәтижелері жөніндегі акті жасалды, жұмыспен қамту орталығына толық ақпаратты ұсыну тұрғысында 2020 жылғы 09 қыркүйектегі №243-Э заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым ұсынылды.
"ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қ. ТЖД "Есіл" ауданының төтенше жағдайлар Басқармасы" РММ 04.11.2020 жылдан 09.11.2020 жылға дейінгі кезеңде Банктің Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ к-сі, 29 мекенжайында орналасқан Банк филиалының ғимаратына өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 09.11.2020 жылғы №198-Э тексеру нәтижелері туралы акт жасалды, 09.11.2020 жылғы №198-Э бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 410-бабының 1-бөлігі бойынша 09.11.2020 жылғы №207115093000094 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (ескерту) жасалды". "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі" РММ 01.06.2020 жыл мен 27.07.2020 жыл аралығында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметіне кешенді тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша 04.09.2020 ж. Кешенді тексеру нәтижелері туралы акті жасалды. Банкке қатысты жазбаша ұйғарым түрінде қадағалаушылық жауап қайтару шарасы қолданылды. Банк қызметін тексеру нәтижелері бойынша Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюдың жоспарланған шаралары, жауапты орындаушылары және мерзімдері бар іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді".
«Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» РММ-мен Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91 үй мекенжайы бойынша 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 «Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» қаулысы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында 22.02.2021 жылдан бастап 26.02.2021 жылға дейінгі кезеңде «Отбасы банк» АҚ-да тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.»
"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" РММ-мен (бұдан әрі – ЦДИАӨМ), 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №5/2/41088 хатының негізінде, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарының сақталуын анықтау мақсатында "Отбасы банк" АҚ-да (бұдан әрі - Банк) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 21 құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 641-бабы 1-бөлігінің 1-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 27 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Банк анықталған құқық бұзушылықты мойындады және ӘҚБтК-нің 810-бабының тәртібімен айыппұл сомасының 50 пайызын, яғни 145 850,00 теңгені төледі. FinExpertiza Kazakhstan" ЖШС, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде Банкте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілді. Қорытындылары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудиті жөнінде аудиторлық қорытынды жасалды. Аудит бағдарламасының қаралған мәселелері бойынша тексеру кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жоқ. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алмалы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы" РММ (бұдан әрі – тексеруші орган) 2021 жылғы 26 қарашадан бастап 02 желтоқсанға дейінгі кезеңде Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы 91 мекенжайында орналасқан "Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Орталық аппаратының ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы (ескерту) шығарылды, сондай-ақ 2021 жылғы 02 желтоқсандағы № 357 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасалды.