Баспасөз мәлімдемелері
Баспасөз мәлімдемелері

Баспасөз мәлімдемелері

  • Атырау облысының әкімдігі мен Отбасы банк «Атырау жастары» бағдарламасын іске қосады

    Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Ол 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. Дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ «жетім балалар» санаты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатыса алады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк «Қазфосфат» компаниясы қызметкерлерін несиелендіруге арналған бағдарламаны іске қоспақ

    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің шарттарына сәйкес, Отбасы банкінен қолжетімді несие алу үшін азаматтарымыздың депозиттерінде тұрғын үй құнының кем дегенде 50% болуы қажет. Әлеуметтік бастамалар аясында «Қазфосфат» ЖШС басшылығы өз қызметкерлеріне жеке баспана сатып алуға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Осылайша, компания жұмысшыларының Отбасы банкіндегі депозиттеріне бастапқы жарнаның 25%-ға дейінін сомасын жинақтауға көмектеспек. Қалған 25% қызметкер өз күштерімен жинап, бірден банктен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (одан әрі 5%-ға дейін төмендейді) аралық заем алу мүмкіндігіне ие болады.
    Әрі қарай оқу
  • Астанада Республика күні Отбасы банк салымшыларына пәтер кілттері табысталды

    Астанада Республика күніне орай көптен күткен баспана кілті кезекте тұрғандарға табысталды. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б. бар. Елорда тұрғындары пәтерлерін "Нұрлы жер" бағдарламасы ("Шаңырақ" мемлекеттік бағдарламасы) бойынша алды. Тұрғын үй бағдарламасын Астана әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп іске асырды.
    Әрі қарай оқу
  • В Алматинской области стартует программа для молодежи "Алатау жастары"

    Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосады. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. «Алатау жастары» бағдарламасының шарттары бойынша қатысушылардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінің клиенттері туыстары арасында депозиттерді енді онлайн аудара алады

    «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері енді «Otbasy bank» мобильді қосымшасында жақын туыстарына өз депозиттерін аудара алады. Депозитті жұбайына, ата-анасына немесе балаларына беру Отбасы банкінде кең таралған қызмет түрі болып табылады. Ай сайын шамамен мұндай 6000 операция жасалады. Бұрын бұл қызметті қолдану үшін банк клиенті мен оның депозитті қабылдайтын туысы филиалға бірге келіп, бірнеше сағат уақыттарын жұмсайтын.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкіндегі депозиттерге өтемақы алу туралы өтінішті ЭЦҚ мен QR-кодсыз жолдауға болады

    Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары «Баспана маркет» порталындағы (www.otbasybank.kz) жеке кабинеттерінде өтемақы алуға онлайн өтініш жолдай алады. Бұл мүмкіндік 2022 жылдың 1 қазанында сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады. Өтемақы алу жөніндегі өтінішті «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады. Бұл опция 2022 жылдың қазан айының соңына дейін іске қосылады.
    Әрі қарай оқу
  • «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында берілетін заемның ең жоғары сомасы бойынша шектеулер қойылмайды

    Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін құрды. Іріктеудің негізгі критерийлері – қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты болды. Жақын арада бағдарлама қатысушыларының барлығы otbasybank.kz порталындағы жеке кабинеттерінде байқау нәтижелері бойынша өз мәртебелерін көретін болады. Қазақстандық отбасыларды жеңілдетілген шарттармен несиелендіруге биыл республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді. Аталмыш қаражат Отбасы банкіне түсті. Бұл қаражат аясында 5000 жуық отбасы несиелендірілетін болады.
    Әрі қарай оқу
  • «Әскери баспана» бағдарламасының қатысушыларына баспана тауып оны сатып алуға бір жыл уақыт беріледі

    Бүгін «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Әскери баспана» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу бойынша қорытындыларын жариялады. Тұрғын үй төлемдерін алушылар өз мәртебесін Baspana Market (otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталында көре алады. Негізгі тізімге 1380 адам, резервтік тізімге 276 адам енген. Егер негізгі тізімдегі үміткер бағдарламаға қатыса алмаса, оның орнын резервтік тізімдегі үміткер алады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банкіндегі депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 1 қазанынан басталады

    Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың депозиттері ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді. Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларымен реттеледі.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банк аралық заем берерде бағалау көрсеткішін негізге алатын болады

    «Отбасы банк» АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын еліміздегі бірегей банк. Жүйе салымшылар қаражатын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тартып, оларды несиелендіріп, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Бүгінде бұл жүйеге 2 398 909 астам қазақстандық сенім артып отыр, бұл еліміздің экономикалық белсенді халқының 26 пайызы. Осы уақытқа дейін Отбасы Банкінің 410 725 клиенті өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тек жыл басынан бері 53 538 қазақстандық отбасы тұрғын үй құрылыс жинақтарының көмегімен қоныс тойын тойлап үлгерді.
    Әрі қарай оқу
  • «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау 25 тамызда басталады

    «Отбасы банк» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 25 тамыз күні «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды бастайды. Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады. Атап айтсақ:
    • онлайн-табыстау арқылы сатып алынған депозитпен біріктірілмеген, банкте арнайы салымы бар азаматтар;  
    • «Әскери баспана» бағдарламасына қатысу туралы ағымдағы өтініші жоқ азаматтар;
    • Әскери баспана» бағдарламасы бойынша несие алу үшін өтініші жоқ азаматтар
    • «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша несиесі жоқ азаматтар.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк пен Қостанай облысының әкімдігі «Жас шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

    Жаңа жоба жас қостанайлықтарға қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Жас шаңырақ» бағдарламасын қаржыландыруға 350 млн теңге бөледі. Тиісті меморандумға бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру