Отбасы банк БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына қосылды | Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) БҰҰ-ның гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған – Women’s Empowerment Principles/WEPs қағидаларын қолдау жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды. Ол «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен БҰҰ Жаһандық шарты аясында жүзеге асырылуда.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына қосылды

Отбасы банк БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына қосылды

18 сәуір 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) БҰҰ-ның гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған – Women’s Empowerment Principles/WEPs қағидаларын қолдау жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды. Ол «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен БҰҰ Жаһандық шарты аясында жүзеге асырылуда.

– Осыдан үш жыл бұрын Отбасы банк гендерлік теңдікке қатысты халықаралық бастамаларға қатысуын кеңейтті. Әйелдердің тұрғын үй алуға қолжетімділігін арттыру үшін біз Қазақстанда «Ұмай» бағдарламасын іске қостық. Оның мақсаты – қазақ әйелдерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін біз Азия даму банкімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесінде 2 356-ға жуық қазақстандық отбасы қолжетімді баспанаға ие болды, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

- Біз Отбасы банкінің гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын кеңейту, соның ішінде WEPs қауымдастығына қосылу жөніндегі жұмысын құптаймыз. Өзге қаржы институттары да бұл бастамадан үлгі алады деп сенеміз. WEPs қағидаларына қол қою – бұл гендерлік теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ ұйымның тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадамы болып табылады, - деп атап өтті Мария Доценко, «БҰҰ-әйелдер» құрылымның Қазақстандағы Өкілі.

Отбасы Банк қазақстандық әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірқатар бастамаларды жүзеге асыруда. Мәселен, 2019 жылы ашылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша осы күнге дейін 15 262 адам жеңілдетілген несие алған. Оның 91% әйелдер.

«Ұмай» әйелдер ипотекасы халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оны жүзеге асыруға Азия даму банкі 38 млрд теңге қаражат бөлді. Бөлінген ақшаның басым бөлігі игерілді. АДБ басшылығы Қазақстанда әйелдерді несиелендіру бағдарламасын 2021 жылғың ең үздік жобасы ретінде танып, банк жұмысын халықаралық деңгейде атап өтті. 2023 жылы кезекті транш бөлінгеннен кейін «Ұмай» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру жоспарлануда.

Жалпы, Қазақстанда ипотекалық несие алушы әйелдердің үлесі соңғы мәліметтер бойынша 48 пайызға тең. Әйел салымшылардың үлесі Отбасы банкінде жоғары – 58,6%.

Отбаса банкінің штат құрылымында да гендерлік теңдік сақталған, банк қызметкерлерінің арасында әйелдердің үлесі 61%-ға тең, оның ішінде 18% жоғары лауазымдарда.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру