Баспасөз мәлімдемелері
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз мәлімдемелері

Баспасөз мәлімдемелері

  • «Жасыл ипотека» бағдарламасының аясында Отбасы банк өз клиенттеріне 1400-ге жуық пәтер ұсынады

    Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пилоттық жобасы – «Жасыл ипотека» қазірдің өзінде 6 өңірде жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басында Астанада өтініштерді қабылдау басталды. Қазіргі таңда 100-ге жуық несие берілген. Отбасы банк «жасыл ипотека» жобасын іске қосқалы, «жасыл стандарттарға» сай үйлер салып, банкпен ынтымақтастық орнатқысы келетін құрылыс компанияларының саны артты. Мәселен, қазір елордада салынып жатқан алты тұрғын үй кешенінен баспана алуға болады. Таңдауға 1000-нан астам пәтер бар. Алматыда тағы екі тұрғын үй кешені жобаға қатысып жатыр. Ал Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында аталмыш стандарт талаптарына сай бір-бірден тұрғын үйден бар.
    Әрі қарай оқу
  • Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөледі

    Қарағанды облысында екі жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл – облыстық әкімдік пен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама өңір жұмысшыларына тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді. Биыл кеншілер мен металлургтерді қолдау үшін екінші транш аясында Қарағанды облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Отбасы банк те бұл қаражатқа қосымша 500 млн теңге бөліп отыр. Бұл сома пәтер сатып алуды көздеп жүрген 75-тен астам кеншілер мен металлургтердің отбасыларына қолжетімді шарттармен заем беруге мүмкіндік береді.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінде жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

    «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары болып Владимир Савченко тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Мирас Бейсембаев атқарған. Отбасы банк Басқармасының жаңа мүшесі банктің Директорлар кеңесінің отырысында сайланды және 2023 жылдың 15 мамырынан бастап қызметіне кіріседі.
    Әрі қарай оқу
  • «Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1100 жас алматылық баспаналы болады

    «Алматы жастары» бағдарламасына өтініштерді қабылдау 15 мамырда басталып, 31 мамырға дейін жалғасады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін үміткерлерге ЭЦҚ қажет.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк аралық заемдар бойынша мөлшерлемені төмендетеді

    2023 жылғы 15 мамырынан бастап Отбасы банкінде аралық заемдар бойынша сараланған сыйақының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады. Осыған дейін мөлшерлеме диапазоны жылдық 7%-дан 11,5%-ға дейін болған (ЖТСМ 7,4% бастап). Енді бұл дәліз 6% - 10% (ЖТСМ 6,2% бастап) аралығында белгіленіп, төмендейтін болады. Кредит бойынша мөлшерлеме көлемі қаражатты депозитте жинақтау мерзіміне және оны толықтыру жиілігіне байланысты болады. Бұл өзгерістер Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру қағидаларына сай.
    Әрі қарай оқу
  • 10 мамыр күні Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдай бастайды

    Биылғы жылы гендерлік бағдарламаны несиелендіруге 15,6 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатты Азия даму банкі (әрі қарай – АДБ) үшінші транш аясында бөліп отыр. Отбасы банк дәл осы қаржы институтымен бірлесіп, бірнеше жылдан бері «Ұмай» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. АДБ шарттарына сәйкес Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарлануда. Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек. Бұл өңірлердегі қазақстандық әйелдерді қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау мақсатында жасалды.
    Әрі қарай оқу
  • Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

    Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми, әлеуметтік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша үміткер жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт.
    Әрі қарай оқу
  • Шымкент қаласының әкімдігі мен Отбасы банк алғашқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

    «Qamqor» бағдарламасы шымкенттік мамандардың баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына қосылды

    Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) БҰҰ-ның гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған – Women’s Empowerment Principles/WEPs қағидаларын қолдау жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды. Ол «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен БҰҰ Жаһандық шарты аясында жүзеге асырылуда.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк "Дипломмен ауылға" жобасын цифрлық форматқа ауыстырды.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.
    Әрі қарай оқу
  • Тікелей үйді сату туралы хабарландыру «Өз үйім» бағдарламасы бойынша

    Нысан коды: 2558
    ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша,  Үлескерлерге несие беру бағытында тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
    Нысан: «Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы, Ю. Увалиев және Көкжал Барақ көшелерінің қиылысында коммерциялық үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй салу және орналастыру» (Сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды-2558.
    Әрі қарай оқу
  • Тікелей үйді сату туралы хабарландыру «Өз үйім» бағдарламасы бойынша

    Нысан коды: 2676
    ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы «тұрғын үй салушының жеке қаражаты есебінен» бағыты бойынша тұрғын үйді тікелей сату арқылы сату туралы хабарлайды. Нысан: «Өскемен қ. №74 учаскесі, 19 тұрғын ауданының "Арай" тұрғын үй массивінде көп қабатты тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз). (1-Позиция)», нысан коды-2676. Орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ю. Уәлиев көшесі, 9 үй.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру