Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөледі | Қарағанды облысында екі жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл – облыстық әкімдік пен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама өңір жұмысшыларына тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді. Биыл кеншілер мен металлургтерді қолдау үшін екінші транш аясында Қарағанды облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Отбасы банк те бұл қаражатқа қосымша 500 млн теңге бөліп отыр. Бұл сома пәтер сатып алуды көздеп жүрген 75-тен астам кеншілер мен металлургтердің отбасыларына қолжетімді шарттармен заем беруге мүмкіндік береді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөледі

Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөледі

15 мамыр 2023

Баспасөз хабарламасы

Қарағанды облысында екі жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл – облыстық әкімдік пен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама өңір жұмысшыларына тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді.

Биыл кеншілер мен металлургтерді қолдау үшін екінші транш аясында Қарағанды облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Отбасы банк те бұл қаражатқа қосымша 500 млн теңге бөліп отыр. Бұл сома пәтер сатып алуды көздеп жүрген 75-тен астам кеншілер мен металлургтердің отбасыларына қолжетімді шарттармен заем беруге мүмкіндік береді.

Олар үшін кредиттер жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) мөлшерлемемен беріледі. Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 20 млн теңге. Мерзімі – 15 жылға дейін. Баспананы Қарағандыда, сондай-ақ Саран, Абай, Шахтинск және Теміртау қалаларында алғашқы және екінші нарықтан сатып алуға болады.

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Отбасы банк Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова бағдарламаға қатысушыларына несиелерді рәсімдеуге арналған сертификаттарды табыс етті.

- Облыста екінші жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған, шарттары жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылуда. Өткен жылы 134 отбасы қолжетімді баспанаға қол жеткізді. Биылғы жылы кемі 75 отбасыға көмек көрсету жоспарда. Бұл жай ғана материалдық көмек емес, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға деген қамқорлық, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Былтырғы жылы Қарағанды облысында аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін 1,7 млрд теңге бөлінді. Осы қаражаттың көмегімен 134 адам армандағы баспаналарына қол жеткізді, атап айтсақ бұл - 70 кеншілердің және 64 металлургтердің отбасылары.

- Қарағанды облысы туралы сөз қозғағанда көз алдымызға ержүрек кеншілер мен металлургтердің бейнесі елестейді. Бұл нағыз еңбек адамдары. Біз үшін олардың әлеуметтік тұрақтылыққа, ертеңгі күнге деген нық сенімдері аса маңызды. Өз үйің, отбасыңның ошақ қасы болған кезде болашаққа мақсат құру да жеңілірек болады. Біз бұл маңызды жобаны екінші жыл қатарынан жүзеге асырып келеміз және оның көмегімен бүгінде жүзден астам жұмысшы қоныс тойын атап үлгерді, - деді «Отбасы банк» АҚ Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар тізімін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір және металлургия департаменттерінің кәсіподақ комитеттері анықтайды.

Аталмыш бағдарламаның өзектілігі мен сұраныстың жоғары болуы облыстық әкімдік пен Отбасы банк тарапынан оны 2023 жылы жалғастыруға түрткі болды.       

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясы (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағынан тұрады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру