Отбасы банк "Дипломмен ауылға" жобасын цифрлық форматқа ауыстырды. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк "Дипломмен ауылға" жобасын цифрлық форматқа ауыстырды.

Отбасы банк "Дипломмен ауылға" жобасын цифрлық форматқа ауыстырды.

3 сәуір 2023

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды.

Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.

Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

Отбасы банкінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы және Вlockchain технологиясын қолдануының арқасында азаматтардың түрлі мекемелерге баруын тоқтату мүмкін болды.

"Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық азамат алды. Енді "Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара.

Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.

Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:

- Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу;
- ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
- жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

"Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарлайды.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясы (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағынан тұрады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру