Шымкент қаласының әкімдігі мен Отбасы банк алғашқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосады | «Qamqor» бағдарламасы шымкенттік мамандардың баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласының әкімдігі мен Отбасы банк алғашқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

Шымкент қаласының әкімдігі мен Отбасы банк алғашқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

24 сәуір 2023

Баспасөз мәлімдемесі

«Qamqor» бағдарламасы шымкенттік мамандардың баспана мәселесін шешуге көмектеседі.

Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.

– «Qamqor» бағдарламасы Шымкентте жұмыс істейтін барлық тұрғындарға қолжетімді болады. Заемның ең жоғары сомасы 20 млн теңгеге тең. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 5%, одан әрі ол жылдық 3,8%-ға дейін төмендейді. Ипотека мөлшерлемесін біртіндеп төмендету – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Алғашқы 8 жылда несие бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 155 мың теңге болса, кейін ол 87 мың теңгеге дейін түседі. Мұндай мүмкіндік несие төлемін отбасы үшін қолжетімді етеді, - деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Qamqor» бағдарламасы бойынша несиелендірудің бірінші траншы 3 млрд теңгеге тең келді. Қаражатты Шымкент қаласының әкімдігі бөліп отыр.

Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдап, әлеуетті қарыз алушылардың тізімін құрады. Банк бұл процесті «Баспана маркет» порталында (https://otbasybank.kz/) цифрландырады. Өтініштердің қашан қабылданатыны туралы мәліметтер кейінірек жарияланады.

Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар енетін болады. Ұпайларды санағанда некеде тұрған жылдар саны, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және Отбасы банкінде үміткердің депозиті бар-жоқтығы ескерілетін болады.

Қатысушылар пулы жасақталғаннан кейін үміткерлер Отбасы банкіне несие алуға жолдама алады. Олардың төлем қабілеттілігі тексеріліп, заем береді. Бұл қаражатқа алғашқы немесе екінші нарықтан баспана сатып алуға болады.

«Qamqor» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Қатысушының жасы өтініш берген кездегі кезеңді қоса алғанда 63 жастан аспауы керек.
2. Үмткердің және оның отбасы мүшелерiнiң соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығындағы тұрғын үйi болмауы қажет.
3. Соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұруы талап.
4. Шымкент қаласында таңдаған сала бойынша соңғы 12 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі болуы тиіс.
5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру